Арыс қаласындағы жағдай талайға сабақ болғаны даусыз. Бір күнде бүкіл бұқара үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Әрине апат айтып келмейтіні белгілі. Десе де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында қандай төтенше жағдай болмасын оған сақадай сай дайын болу қажеттігін баса айтты. Мұндағы ең басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмірі. Осы орайда Жамбыл облысында қара халықтың қауіпсіздлігі үшін барлық жағдай жасалуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Облысымыздың егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығын әзірлеу және Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларына сейсмикалық шағынаудандау карталарының жиынтығы дайындалған. Жамбыл облысының сейсмотұрақтылығы 7 балды құрайды. Облыс бойынша сейсмоқауіптілігі жоғары аймақтарды Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары және Т. Рысқұлов, Жуалы, Байзақ, Қордай, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандарын қамтиды. 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар кешені» жол картасының Жамбыл облысы бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес, әлеуметтік, тұрғын үй және коммерциялық бағыттағы сейсмикалық тексеруді қажет ететін нысандарды анықтау мақсатында 2018 жылдың 12 қазанында жұмыс тобы құрамы бекітілді, паспорттауға жататын обьектілердің тізімі қалыптастырылып, обьектілерді сырттай (визуалды) қарап, техникалық жағдайын, сейсмикалық төзімділігін зерделеу нәтижесінде 140 нысан анықталды. Қазіргі уақытта, облыс бойынша 26 нысанға (Байзақ – 4 нысан (күшейту), Жуалы – 3 нысан(бұзу), Т.Рысқұлов -1 нысан (бұзу), 1 нысан (күшейту), Талас – 2 нысан (күшейту), Сарысу -6 нысан (5 күшейту), (1 бұзу), Меркі – 3 нысан (1 күшейту), (2 бұзу) Шу – 2 нысан(күшейту), - 4 нысан(бұзу)) сейсмикалық қорытынды алынды, оның ішінде, жалпы бұзуды қажет ететін нысандар саны – 11, сейсмокүшейтуге жататын нысандар саны – 15.Үш нысанның сеймокүшейту үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Беті аулақ алайда алда-жалда бір төтенше жағдай орын алып қалып жатса, ең бірінші үйлердің осы сейсмотұрақтылығына күш түсетіні белгілі. Сондықтан Жамбыл облысында жасалып жатқан мұндай зерделеу мен нақтылау жұмыстары өзге өңірлерге де үлгі боларлық. Себебі біздің басты қазынымыз – адам өмірі.
Оставить комментарий