Жамбылдық мектептер жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде

/image/2019/10/17/crop-18_12_506x900_17_main.jpg

Жамбыл облысында жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу тапсырмасына сәйкес білім мекемелерін қажетті педагогтармен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар облыс аудандарында да мықтап қолға алынып келеді. Мәселен, Жуалы ауданында жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге орай 40 мектеп директоры мен 40 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен 25 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалында қысқа мерзімді білім мазмұнын жаңғырту курстары бойынша екі апталық және бір апталық курстардан өз білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ, Алматы қаласында 3 тәрбие орынбасары «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыды. Тренерлік курстан 107 мұғалім өтті. Ал робототехника курсынан 35 мұғалім өтті. Критериалды бағалау бойынша – 19 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өтті.

– «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен өткен жылы ауданымызда негізгі пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп, бастауыш сынып мұғалімдері 120, география пәні мұғалімдері 28, химия пәні мұғалімдері 25, биология пәні бойынша 28, тарих пәні 24, құқық тарих пәндері бойынша 30, математика пәні 29, дене шынықтыру 31, қазақ тілі 28, орыс тілі 28, инклюзивті оқыту бойынша 24 мұғалімге (АӘД және педагог психологтар, өзін-өзі тану пән мұғалімдері) аудан орталығында көшпелі курстар ұйымдастырылды.

Тараз қаласы ПШО базасында әр пән бойынша 132 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жалпы өткен оқу жылында 578 мұғалім курстан өтіп, 478 мұғалімді біліктікті арттыру курсынан өтуге сұраныс берілді. 2018 жылдың қараша айында «Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау және сараптау» тақырыбында 15 пән мұғалімдері және «Робот техникасы негіздері» бойынша 6 мұғалім Тараз қаласы ПШО базасында курстан өтті.

Ағымдағы жылдың басынан бері 30 қазақ тілі мен әдебиеті пәні, 80 бастауыш сынып мұғалімі, 35 денешынықтыру, 10 тарих пәні, 21 физика пәні мұғалімі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп сертификатталды. 30 мұғалім «Робототехника және 3D модельдеу» тақырыбында екі апталық оқуға қатысты, – дейді Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов.

Қазіргі кезде ауданның білім беру саласының алдында инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдық болып отыр. Ауданда 2016-2017 оқу жылында 1 сынып, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшсе, 2018-2019 оқу жылында 3,6,8-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшкен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи