"Талдықорған – Өскемен" тасжолы құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды

/image/2020/04/26/crop-4_212_612x902_0753abbb41c519c8e4e69d383b20880e_original.187332.jpg
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылдың соңына дейін "Талдықорған – Өскемен" автожолының бойында қозғалыс ашылатынын, 2022 жылы толық пайдалануға берілетінін хабарлады.
 
Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын автожол Алматы облысындағы Қойлық елді мекені мен Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңқожа, Үшбиік, Аягөз ауылдарының маңынан өтеді.
 
Құрылыс жұмыстарын «CITIC Cinstruction Co.Ltd» ЖШС, «К-Дорстрой» ЖШС мен «Todini Central Asia» ЖШС жүргізуде. Жұмыстардың сапасын бақылауды «ГК ИНЖИНИРИГ» және «ZS Enginering» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асырады.

Жоба бойынша Талдықорғаннан бастау алатын 32 шақырымдық 4 жолақты жол учаскесі І техникалық санатқа сәйкестендірілетін болады. Ал 731 шақырымдық жол учаскесі 2 жолақты ІІ техникалық санатқа сай болмақ.

Қайта жаңарту жұмыстарының аясында 6 көпір, теміржолдан өтетін 3 жол өткелі, жарықтандырылған 11 жол айрығы, 276 құбыр, демалыс алаңдары салынып, елді мекендер маңында автопавильондар орнатылады.

Жалпылай алғанда, қайта жаңарту жұмыстарына жол-құрылыс техникасының 3 мыңға тарта бірлігі мен 5 мыңға жуық маман жұмылдырылған. 2020 жылдың соңына дейін аталмыш жолдың толық бойында қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. Тасжол 2022 жылы пайдалануға берілмек.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи