АҚШ–тың бұрынғы президенті Билл Клинтон 1994 жылы Украинаның ядролық қарудан бас тартуына ықпал жасағанына өкінетінін айтты.
"Киев атомнан бас тартпағанда, Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға батылы жетпес еді. Украинаны ядролық қарудан бас тартуға көндірген мен болғандықтан, жауапкершілікті сезінемін" – деді ол ирландиялық RTÉ телеарнасына берген сұхбатында.
Кеңес Одағы құлағаннан кейін Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин және Украина басшысы Леонид Кравчук Клинтонмен бірге Украинада қалған ядролық қару арсеналын жою туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын. Сонымен қатар, АҚШ сол жылы Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау жөніндегі Ресей келісімінің қатысушысы болған еді.
"Путиннің әрекеті үлкен қателік болды. Еуропа Украинаны қолдауын тоқатпауы керек. Украина мен Ресей бейбіт келісімге келетін уақыт та туып қалар. Бірақ оған дейін Украинаны тағдыр тәлкегіне түсіруге болмайды", – деді ол.
Сондай–ақ, Билл Клинтон 1994 жылы Украина Ресейден ядролық қару ғана қорғайтынын айтып, ядролық арсеналдан бас тартуға қорыққанын да жасырмады.
Оставить комментарий