1999 жылдан бері жыл сайын әлемде 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі.
Оның мақсаты – қоғамның назарын денсаулық сақтау мәселелеріне аудару және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығын атап өту. Себебі, жыл сайын әлемде 18 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады.
«Ағзалардың жағдайы және адамның өмір сүру ұзақтығы жүректің және бүкіл жүрек-қан тамыр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Жүрек ауруларының алдын алу денсаулық пен ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығының кардиологы, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қыстауова.
Жүрек ауруларынан сақтану үшін:
- Дұрыс тамақтаныңыз. Майлы тамақтан тартыныңыз!
- Физикалық белсенді болыңыз – тұрақты жаттығуларды тоқтатпаңыз!
- Қалыпты салмақты сақтаңыз – артық салмақ жүрек ауруына әкелуі әбден мүмкін!
- Зиянды әдеттерден (шылым шегу, алкогольді сусындар мен ішімдік) бас тарту керек!
- Күйзеліспен күресіп үйреніңіз!
Қан қысымын үнемі өлшеп, дәрігерге тексеріліп тұрыңыз. Тұрақты медициналық тексерулер – денсаулықты бақылау және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда өте маңызды.
Егер жүрек-қан тамырлары ауруларыңыз болса, тағайындалған ем мен дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу – өзімізге керек. Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану қиын. Алайда осы шараларды сақтау жүрек проблемаларының дамуы қаупін азайтады және жалпы денсаулықты жақсартады.
Анелья Абайқызы
Оставить комментарий