Мәжіліске жаңа депутат келді

/image/2024/03/06/crop-112_6_463x617_7519b53e-8710-4aed-b3ed-ea39bc936493.jpeg

Аmanat партиясы cаяси кеңесі бюросының қаулысына сәйкес, бос мандат Нұрсұлтан Байтілесовке берілді.

Заң магистрі төменгі палатаның жалпы отырысында ант беріп, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Нұрсұлтан Байтілесов 1991 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі. Бұған дейін ол 2020 жылы Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи