Азаматхан Әміртай: "Қаралы сейсенбі"

/uploads/thumbnail/20170708151212642_small.jpg

Девальвация. Бірден 30 теңгеге өскен доллар, 30 теңгеге құны түскен теңге. Біраздан бері "Мәңгілік ел", "Қазақ елі" деп қыл аяғы баламызға дейін Отанға, елімізге деген маххабаты тасып жатқанда, бұл әрекетті диверсия деуге бола ма екен?Себебі, девальвация мемлекетсүйгіш адамның жүрегінің өзіне күмәнді көп салады. Неге алтын-валюта қорлары бұл құнсызданудан құтқармады? Неге теңге Ресейдің рубльіне ішінара байланып қалған? Неге дәл осындай ел атауын өзгертуге байланысты жалпыхалықтың кампани кезінде жасалды? Бұл кімге тиімді? Әйтеуір, бір анығы бар - бұл қарапайым бұқараға оңайға соқпайды. Бар өнімдеріміз, азық түлігіміз шетелден тасылады. Жұрт белшеден батқан кредиттердің бәрі дерлік долларға бағаланған. Сондықтан, экономикалық зерттеу орталықтары осындай құлдырау болатынын алдын ала ескерту керек еді. ЭКономикадан жазатын журналистер жазу керек еді...Бірақ бізде бұл сала әлі түрен салынбаған тың ғой. Тіпті, Келімбетовтың өзі таңертең біліп жатқан соң, оларға ренжіп неміз бар! Қысқасы, "қайғыны бөліссең азаяды" деген...ортақтаспын!

Оставить комментарий

Связанные Статьи