Елбасы әлемдік деңгейдегі ұсыныстарымен көпке ой салды - профессор О. Бермаханов

/uploads/thumbnail/20170708201435790_small.jpg

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының мінберінен сөйлеген сөзінде Қазақстанның сыртқы саясаттағы айқын ұстанымы:  ядролық қарусыздану, ядролық сынақтарға тыйым салу, бейбіт атом мәселелері, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес т.с.с. маңызды мәселелерді алға тартты.
Елбасының БҰҰ-дағы сөйлеген сөзі жайлы пікірін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Оңғар Бермаханов осылайша өрбітті.         

«Бұл жаңа идея алғаш рет әлемдік деңгейде Қазақ елінің өз тәуелсіздігі мен мүддесінің кепілі, сонымен қатар ешбір елдің мүддесіне қайшы келмейтін ұстаным ретінде қазақ тілінде алғаш рет ұсынылды. Ол үшін БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру қажет. Кеңес қазіргі экономикалық және қаржы дағдарысымен күресетін ортақ ұйым болуы тиіс. Осы бағытта әлемдік эмиссия және әлемдік резервтік валюталар айналымын реттеу қажет. Мұның өзі барлық елдердің мүдделерін тең дәрежеде ұстай алатын жаңа әлемдік валютаны дайындауды  күн тәртібіне қояды. Украина дағдарысы мен санкциялар құқығы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құзырында болуы тиіс. Өйткені оның миллиардтаған адамның тағдырына тікелей әсері бар. Терроризм мен діни экстремизм мәселесі де осы бағытта шешілуі тиіс.

Сондай-ақ биік мінбеден әлем елдерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға  шақыра  отырып, Жасыл технологияны дамыту орталығын ашуға БҰҰ қолдауын сұрады»,-деп бір түйіндеді профессор.

  «ҚР Президентінің соңғы Жолдаулары мен бастамаларында айтылып жүрген «таяу болашақтағы әлемдік архитектураның өзгеруі» болжамы Қазақстан мүдесіне сонымен бірге барлық елдердің мақсаттары мен мүдделеріне қайшы келмейтін   әлемдік жаңа бағытты қажет ететіні өзінен өзі түсінікті.  бұған жауап ретінде БҰҰ қолдауымен «Жаңа болашақ» (NEW FUTURE) тұжырымдамасын ұсынды. «Жаңа болашақ» дегеніміз-«ядролық, энергетикалық су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, және өзара түсіністік»,-деді Мемлекет басшысы. Егер аталған проблемаларды тарқата талдасақ, оның адамзат баласының түпкілікті мүдделеріне қатысты екенін бағамдау қиын емес. Осыған қоса әлемдік даму векторын болжай отырып, дамушы күштердің Азия өңіріне ауысқанын, сондықтан БҰҰ Бас штабын Азияға қарай көшіру мәселесін де ойластыруды ұсынды. Бұл барлық елдердің қолдауын, ризашылығын тудырады деп ойлаймын. Әлемдік даму логикасына негізделген, демек әділетті ұсыныс екендігі дау тудырмаса керек»,-деп қорытындылады О. Бермаханов.


Оставить комментарий

Связанные Статьи