Бүгінгі таңда Қытай өте тез қарқынмен дамуда, оның негізгі саясатының бірі – «Батыс өңірді ашу» саясаты. «Батыс өңірді ашу» – Қытайдың батыс өңіріндегі орналасқан өлкелер олар: Тибет, Гансу, Чиңхай, Шинжияң, Ниңшия, Ішкі монғол, Гуаңши және Чоңчиң, Шиянши, Сы чуан, Гүй жоу,Үйнан қатарлы 12 өлке-қалаларды қамтиды. Жалпы жер көлемі 6 миллион 850 шаршы километір жерді алып жатыр. Бүкіл мемелекеттің 71,4% ұстайды,2002жылдың соңыңында бұл жердегі халықтар саны үш жүз миллион 670мың адамға жетті. Бүкіл ел халқының 28,8% ұстайды. 2003жылы мемелекеттік жалпы ішкі өнім 226мың 600тиллярдқа жетті. Бұл бүкіл елі ішкі өнімінің 16,8%ұстайды. Бұл өңірлердің тек экономикалық даму деңгейі шығыс Қытаймен салыстырғанда әлде қайда артта, алайда табиғаты, қазба байлықтары, базар болуға негіздері, жағарапиялық ортасы, тарихы бәр-бәрі де тамаша шар-жағыдайында. Бұл өңірдің жан басындық орташа табысы шығыспен салыстырсақ 40% ына тең келеді,[2]сондықтан бұл өңірді1999жылы17шілдеде көзден кешірген сол кездегі ҚКП төрағасы Жияң Зымин тездетіп шығыспен теңестіуді қолға алу жөнінде тапсырма берген қол астындағы атқа мінерлерге. Ол өз сөзінде қытайдың шығысында игерілмей қалатын көп ақшаны осы райондарға салу жөнінде бұйрық берді. Алайда бұл жерлердің жан саны сирек, жері таулы, жолы қиын. Солай болғанына қарамастан жергілікті қалық халықпен, кадрлармен бірлесіп халықтың жағдайын жасау,ел тұрақтылығын мықты ұстау керекпіз деп атап көрсетті. 2001жылдың қаңтарында бұл тапсырма бойынша сол кездегі ҚХР үкіметінің басшысы Жу Рыңжи өзі бас болып осы шаруаны қолға алды. Сол жылдың науырыз айынан бастап нақтылы жұмыстар басталды. 2010ж 5 маусымда «Батыс өңірді зор күшпен айқара ашыу» деп аталатын баяндама жасап ҚКП төрағысы Ху Жинтау төмендегі 6 жұмысты мықты ұстау деп үкімет пен қатысты басшыларға тапсырма берді: [3]Ол өз сөзінде жеңіл қарауға болмайтын өте маңызды да жапалы жұмыс, бұл үстеріңіздегі ауыр жүк деп атап көрсетті;
1.Кедейлер қоныстанған обылыстар мен елді мекендерді негіз етіп оларға жәрдем ақшаларды көбейту, ондағы түрлі тіршілік құрылғыларын зор күшпен жаңартып, осы заманданған инфра құрлымдарды дамытып, мемелекеттің хаупсіздігін барынша күшейту керексіңдер.
2.Шағын және орта, үлкен бизеінес орындарын ең алдымен ашуға көңіл бөліп, әсіресе халыққа пайдалы табыс көздерін көбейту, осы арқылы экономикалық дамуды қолға келтіріп, экономикалық құрлымдарды реттеп, осы заманданған формада халыққа қызмет көрсетіңдер, жаңаша ғылыми аграрлық саланы қалыптастырып халықтың тұрмысын жақсарту керексіңдер.
3.Қоғамдық құрлымдарды реттеп, нақтылы халыққа пайдалы жұмыстарды көбейтіп, қала-ауылдарға дейін әлеуметтік қызмет көрсету желілерін барынша дамытып халықтың әл-аухатын одан ары жақсарта түсу.
4. Реформа жасап есік ашу саясатын барынша жандандырып батыс өңірді әрі тез әрі тамаша жағыдайда дамытудың тетіктерін қарастырыңдар. Бұнда шетел-және отандық қатысты организатциялармен байланысқа шығыу, одан ортақ пайдаға кенелу, отанға хаупсіз түрде шетелмен экономикалық істестікерді дамыту.
5. Жалаң даму деп науханға айландырмай ондағы үйлесімділік пен тұрақтылықты қолға келтіру, қоғамның тұрақтылығы халықтың амандығын басты назарға алу, қоғамдық басқарудың жаңаша жолын ойластыру, халықтың заңдық сауатын арттыру, ұлт аралық қызмет пен дін істерін бірге қарастыру, этнос аралық татулықты мықты ұстап отандық эконамиканы ортақ гүлдендіру.
6. Біздің жүргізіп отырған осы саясатымызды жергілікті халықтың барынша қолдауына қол жеткізу және бұл істі халыққа түсіндіріп атсалысуға белсене көмек көрсетуге шақыру. Бұл істе осында отырған сіздер ғана емес барлық кадрлар қосыны атсалысып, белсене жұмыс жүргіп өз отандарын өздері дамыту керек. Ол тағыда естеріңізге салайын батыс өңір отанымыздың ең ауқымды да ең әдемі районы, сондықтан да ол жерде этностары ынтымақты, халқы тыныш, экономикасы дамыған, қоғамы тұрақты болуы тиіс деп қадап айтты. [1]
2011ж осы шарауаны одан сайын кемелденіру мақсатында мемлекетті дамыту және реформа жасау агенттігінің алқалы жиналысында батыс өңірді зор күшпен ашу жоспары қаралды: Бұл жоспар «1025» деп аталады. Жалпы жоспар 12 үлкен тарауға, 58 тараушаға бөлінеді. Жоспар 2011 ден 2015 жылдар аралығында жүргізілуі керек жоспар. [4]
Бұл жеке бір агенттігінің жұмысы емес, қытай басшыларының тікелей қадағалауындағы, барша қытайлықтардың жұмысы. Сондықтан бұл 5 жылдық батыс өңірді дамыту ісіне жеңіл қарауға болмайды, бұнда ең әуелі халықттың әл-ауқатын жақсарту, қоғамдағы тұрақты тыныштықты қалыптастыру, содан кейін халықтың білімін деңгейін жоғарлатып, барлық нәрсеге ғылыми көз-қараспен қарай алатын дәрежеге жеткізу, әрине бұл іске барша халық ат салысады, соның ішінде кадрлар қосына, өте-мөте жергілікті кадрлар белсене атсалысады, жан аямай маңдай терлерімен өз отандарын гүлдендіреді. 2005 жылдан бергі 5 жылдық көрсеткіш жаман емес, айтар болсақ халықтың әл-ауқатты айтарлықтай жақсарды, жан басына кіріс 2005 жылдан 6 пайызға өсті. Жолдар мен инфрақұрлымдар реттелді. 360000 шаршы километр тас жол жасалды, бұзылған экология қалпына келтірілді деді жауапты мамандар. [5]
Батыс өңірді ашу ісі қолға алынғалы 13 жыл болды. Осы жылдарда жеткен жетістіктер аз емес, мұнда әр правинцияға өте тамаша жетістіктерге жетті. Батыс өңірі қоғамының әр саласына дарындылар мен тың еңбеккүш келді. Қытай үкіметінің батыс өңірлерге байланысты айрықша әдіс-тәсілдері 2000ж № 33 құжатында айтылған. Онда қытай ҚКП биікте тұрып ұзаққа көз жібереді. Батыс өңірді ашу экономикалық мәселе ғана емем ол мемелекеттік маңыз бар ірі шаруа. Бүгіннен бастап бірінші кезекте жолдарды жақсарту, экологиялық ортаны жақсартып, агырарлық істерді өркендетуге күш салу. Өнер-кәсіп құрлымдарын реттеу, туристік шаруашылықты дамыту, ғылыми-техникалық оқытуды күшейту, денсаулық сақтау, мәдениет істерін мықты ұстау. Осылай 5-10 жыл ішінде батыс өңірді айтарлықтай өзгертуіміз керек. 21ғасырдың ортасында батыс өңірдің экономикасы қарыштап дамыған, қоғам өндірісі алға басқан, халқы тыныш, ынтымақты, экологиясы тазарған жаңа бейнесін көруіміз керек деп жазылғын.
Орталықтан бөлінген ақшалардың қолданылымын нақтылы қадағалау, ол ақшалар аграрлық, қоғамдық қамсыздандыру, білім-беру, ғылым-техника, денсаулық-сақтау, жоспарлы туу, мәдениет, экологияны сақтаудан сырт егістік алқаптарды, мал-шаруашылықты жайлымдар мен орман -шаруашылығын құнарландыруға, қалпына келтіру ісі бойынша субсудиялауға істету. [6]
Барлық қаржылық ұйымдар осы іс-шараға белсене ат салысып керек қаржыны дер кезінде беруге жағыдай жасау.
Ақша салатын жерлердің маңыздылығын ескере отырып халықтың барша қажетін негізге ала отырып олардың әл-аухатын жоғарлату.
Бұндағы салық алуға жеңілдік беру, 15 пайыз баж алмау.
Жер асты байлықтары мен кен істерінде тиімді саясаттар қолдану.
Баға саиясатын және комуналдық төлемдерде лайқты бағаны ұстану.
Реформа жасап есікті сыртқа айқара ашу саясатын қолдану. Елмізге шетелдік саудагерлерді мықтап тарту, шетелдік туристерді де барынша көбейту.
Дарындыларды сол өңірлерге тартып, ғылми-технологиялық білім беруді күшейту. Дарындыларға жағыдай жасау айлығын жоғарлату, баспанамен қамдап сол жерде қалып жаңалық ашуға шабыттандыру. Осы арқылы ғылым мен техниканың жетістігінің пайдасын көрсету, осы жетістіктерді білім беру саласына пайдалану, бүкіл қоғамды жаппай сауаттандыру, адамдардың ғылыми өресін көтеру. Мәдениет денсаулық сақтау істерін барынша дамыту. 2010 жылдың 26 қазанында бұл тапсырма дерлік орындалды деді жауапты мамандар. [7]
Бүгінгі таңда ҚХР ШУАР-нда негізгі 13 аз ұлт қосымша 47 аз ұлт өмір сүреді. Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыратын ШҰАА-ның жағдайына тоқталсақ: біріншіден, ШҰАА – Қытай мен Қазақстан үшін маңызды стратегиялық аудан; екіншіден, ШҰАА-да 1 миллионнан астам, қазақ диаспорасы тұрады; үшіншіден, Батысты игеру бойынша ҚХР-дың мемлекеттік бағдарламасында ШҰАА негізгі орынды алады; төртіншіден, барлық көшіп-қону компанияларындағы көшіп-қону ағынының көп бөлігі ШҰАА-ға бағытталады; бесіншіден, ШҰАА табиғи ресурстарға, құнарлы жерге, мұнай-газ кен орындарына бай аудан болып табылады. [9] Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы ҚХР-дың батыс қақпасы болып табылады және ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас жолдары өтетін жалғыз аймақ. Екі мемлекет арасындағы барлық көлік магистральдары: әуе, теміржол, автомобиль жолдары ШҰАА арқылы өтеді, екіжақты сауда көлемінің 80 пайызы ШҰАА-ның еншісіне тиеді, бұған қоса бүкіл Қазақстан - Қытай шекарасы ШҰАА-ның территориясына жапсарлас жатыр. Шыңжаң ҚХР-дың батыс солтүстік шекара өңіріне орналасқан шекара линиясы ұзын, стратегиялық орны ерекше маңызды елдің орнықтылығы мен қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ шетелдермен экономика, мәдениет ауыстырудың терезесі, сондықтан хань ұлты мен этникалық топтардың өз ерекшеліктерін қайткенде толық дамыту және оларды органикалық түрде бірлестіру - мемлекеттің экономикасы мен қоғам дамуының кепілі Аз ұлт аудандарының басым бөлігі мемлекеттің шекара аудандары. Мемлекет қорғанысының алдыңғы шебі ерекше маңызды осы замандандыру құрылысын жүргізуде сөзсіз тыныш, ынтымақты, саяси жағдай әрі қауіпсіз, сенімді шекара қорғанысы болуы тиіс. [8] Сондықтан да батыс өңірді ашу ісі бұл мақсатта өте маңызды орын алады. Қазақстан мен Қытай арасындағы шынайы экономикалық база мен қаржы қайнар көздерінің негізінде көшіп-қону процестерінің өзектілігі орын алған 9-ыншы бесжылдық пен келесі онжылдыққа әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік жоспарының негізгі бөлігі болған кешенді жоспар даярланған. Бүгінгі таңда Қытай Орта Азия, Ресей мен«Батыс Қытай – Батыс Европа» тас жолы – Қытайдың батысты игеруінің алғашқы қадамы. Бұл саясат ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Осы бағыттағы ең маңызды мәселе – Қазақстан-Қытай байланысы, ал Қазастанға шығатын бірден-бір маңызды өткел ол Шин жиң. Сондықтан да Қазақ-қытай достығындағы «батыс өңірді ашу» өте маңызды саналады.
Абдурақын Нұрхалық
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ,
шығыстану факультетінің аға оқытушысы
Оставить комментарий