• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:08:38
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 Әлеумет

Ақтөбедегі терактіге қатысы бар 29 сотталушының тізімі жарияланды (ВИДЕО)

Бұл атышулы іс мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралмақ, - деп хабарлайды

Бұл атышулы іс мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралмақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір отырыс өтетін залды бақылау камерасымен жабдықтап жатыр. Өйткені сотталушылардан бөлек келушілердің көп болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан залға сыймағандар екінші бөлмедегі экраннан бақылайды. Бірақ әзірге процесс өтетін жерді ешкімге көрсетпей отыр. Жоғары сот сайтына жариялаған тізім де бірнеше сағаттан соң алынып тасталды.

Дегенмен онда маусымдағы атыс кезінде тірі қалған 9 содыр мен олардың 20 сыбайласының аты жазылған. Тізімді бір апта бойы тәртіп сақшыларына ұстатпай, әрең қолға түскен 28 жастағы Арсен Таңатаров бастап тұр. Тапа-тал түсте көшеде оқ атқан Әлібек Ақпанбетовтің де жарақаты жазылып, сотқа ешкімнің сүймелдеуінсіз келеді делінген. Маусымда содырларды екі күн бойы жалдамалы пәтерде жасырып ұстағандардың да кім екендігі белгілі болды. Мирлан Ердәуов пен Үсен Өтепов енді осы қылмысы үшін кем дегенде 6 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір