• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 04:45:44
Ермекбаев: Жұмыс қауіпті, өмірлері үшін қауіп-қатер бар

15 Қазан, 2016 NEWS

Мырзантай Жақып: Ақпарат мәселелері жөніндегі жаңа заңда журналистердің мәртебесін анықтап алған жөн

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және саясаттану» факультеті «Телерадио және қоғаммен байланыс»...

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және саясаттану» факультеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Мырзантай Жақып «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасында ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ-тың) қызметкерлері дегеніміз кімдер, олар «әнші-жұлдыздар» ма, актерлер ме, әлде журналистер ме деген мәселені анықтап алғанымыз жөн деп санайды. Бұл туралы ол ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біздің білуімізше, 2016 жылдың 23 шілдесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарының базасында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) саласындағы мамандарды даярлау туралы кездесу өткізген. Осы кездесудің қорытындысы бойынша түзілген хаттамада телевизия саласындағы жоғары білікті мамандардың қажеттілігін ескере отырып, Қазақ ұлттық өнер университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссура», «Сценография», «Арт-менеджмент», «Шешендік өнер», «Актерлік шеберлік» мамандықтары бойынша жаңа оқу бағдарламаларын дайындау туралы шешім қабылданған. Біздің түсінгеніміз - бұдан былай болашақ телевизия мамандары өнер саласындағы жоғары оқу орындарында оқытылмақшы. Бұған қоса жоғарыда аталған екі министрліктің басшылары БАҚ деп негізінен телевизияны ғана атап отырған сияқты. Бүгінде «әнші-жұлдыздар» мен «айтыскер ақын-жұлдыздар» жаулап алған телеарналарымыздың редакцияларын бұдан былай актерлер толықтырады деген сөз. Сонда Л.Н. Гумилев атындағы және Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттерінде бұрыннан бар Журналистика факультеттерінің және «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің жағдайы не болмақ?

Қос ұлттық университетте де Телерадиожурналистика кафедралары бар, Екі ұлттық университетте де телерадио саласының мамандары ғана емес, газет-журналдар редакцияларының, Интернет-ресурстарының, әлеуметтік желілердің болашақ журналистері де білім алуда. Сондықтан, «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасында «Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Медиакоммуникация» және т.б. ұғымдарға берілетін заңдық-құқықтық анықтамаларды нақтылап, осы салалардағы жоғары білікті мамандар даярлау, журналистика және ақпарат қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының қорғалуы, т.б. мәселелерге де ерекше назар аударылуы қажет»,-деді ойын қорытқан М.Жақып.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлағандай,   «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына қатысты Тұжырымдама қоғам талқылануы ұсынылған еді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір