25 Сәуір, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Мемлекет басшысы тіл мәселесінің дұрыс шешілуі елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін мәлім етті.
– Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.
Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады, – деді Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір