"Тұрғын үй кезегін жылжытам": Адамдарды алдап соққан күдікті ұсталды

/image/2024/04/25/582ac3e6-8179-4752-8b8a-e5b4b047616a.jpg

Түркістан облысында тұрғындарға "үй кезегін жылжытып беремін" деп алдаған 31 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Сарыағаш полициясы жедел-іздестіру шарасы кезінде үй кезігін жылжытуға уәде беріп, 7 адамнан ақша алған күдіктіні ұстады. 31 жастағы әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, хабар ошарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері оның бұдан өзге 6 тұрғыннан да алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар