• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:20:15
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 NEWS

СӘРСЕНБІ КҮНІ БАЙҚОҢЫРДАН ТАҒЫ БІР РЕСЕЙЛІК ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ

19 қазан күні Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын «Союз МС-02» транспорт кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны Байқоңырдың ұшу алаңына...

19 қазан күні Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын «Союз МС-02» транспорт кемесі бар «Союз-ФГ» зымыраны Байқоңырдың ұшу алаңына орнатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Он алтыншы қазан күні «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз-ФГ» тасығыш-зымыраны Байқоңыр айлағының №31 ұшу алаңына шығарылды және ұшыру қондырғысына орнатылды», - делінген хабарламада.

Ресей зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорындардың алдыңғы топтары радиожүйелер жұмысын тексеру, сандық ақпарат ауқымын тестілік құрау және экипажды автоматты құтқару жүйесін тестілеу сынды жұмыстарға кірісіп кетті. 17 қазан күні ғарыш зымыраны толық сынақтан өткізіледі, 18 қазан күні халықаралық ғарыш станциясына 49/50 экспедиция экипажының негізгі құрамын бекітілетін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін «Союз МС-02» (№732) басқарылатын кемесінің техникалық ақауларын жөндеу жұмыстары туралы материалдарды мемлекеттік комиссияның қарағаны және ХҒС ұшыру мерзімін 19 қазанға, Мәскеу уақытымен 11:05-ке белгілегені хабарланған еді. Кеме экипажының негізгі құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Андрей Борисенко және НАСА астронавты Роберт Шейн Кимброу бар. Дублёрлер - ресейлік ғарышкерлер Александр Мисуркин мен Николай Тихонов және НАСА астронавты Марк Ванде Хай.

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір