• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:48:11
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 NEWS

Н.НОҒАЕВ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНА: ҚАЗІР ШАРА ҚОЛДАНБАСАҚ, КЕЙІН КЕШ БОЛУЫ МҮМКІН

Бүгін Үкімет отырысында Атырау облысынан онлайн түрде қосылған әкім Нұрлан Ноғаев Үкімет басшысынан Атырау өңіріндегі 89 ескі мұнай ұңғымасынан май ағып,...

Бүгін Үкімет отырысында Атырау облысынан онлайн түрде қосылған әкім Нұрлан Ноғаев Үкімет басшысынан Атырау өңіріндегі 89 ескі мұнай ұңғымасынан май ағып, экологияны бүлдіріп жатқанын айтып көмек сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Энергетика министрлігінде бұрын игерілген ескі мұнай кен орындарындағы 89 ұңғыма тіркелген. Олар апатты жағдайда, кей жерлерде сол ұғымалардан май ағып, жерді, суды бүлдіріп, экологиялық зардап әкеліп жатыр. Сондай-ақ Атырау облысында 180 гидрогеологиялық ұңғыма тіркелген. Олардан да су атқылап, қазіргі таңда бақылаусыз жатыр. Сіздің атыңызға мен осы ақпараттарды жазып, қолдауыңызды сұраған едім. Тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруіңізді сұраймын. Бұл өте қауіпті жағдай, қазір шара қолданбасақ, соңынан кеш болуы мүмкін», – деді Нұрлан Ноғаев.

Ал Бақытжан Әбдірұлы бұл мәселе орынды екенін айтып, назарда ұстайынын жеткізді.

«Көтеріліп отырған мәселе өте орынды. Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы мәселені қарастыруды сұраймын», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір