• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:58:37
Алматы
+35°

27 Қазан, 2016 NEWS

НАРКОЗДАН КЕЙІНГІ ӨМІРДІҢ ТЫЛСЫМ СЫРЛАРЫ (ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ)

4 миллион көрермен тамашалаған «Наркоз» фильмінің слоганы – «Жылына 21 млн. адам жалпы наркоз алады. Оның 700-і оянып кетеді».

4 миллион көрермен тамашалаған «Наркоз» фильмінің слоганы – «Жылына 21 млн. адам жалпы наркоз алады. Оның 700-і оянып кетеді».

Оянбағандар қаншама, «ұмытқандар» қаншама?

 

Наркоз Х адам

Ол бүгін күндегіден ерте оянды. Көптен бері бармаған жұмысына барып, іске қызу кірісетініне қуанды. Ыстық сүтті шай ішті де жарқын көңіл-күймен үйден асығып шығып кетті. Алматының ауа-райы да бүгінгі оның көңіл хошын бұзғысы келмегендей жайдары. Қарашаның қақ ортасы болғанымен күн жып-жылы. Бір ай бұрын пышақ астына түскеніне қарамастан  ақырындап, таза ауамен тыныстап, жұмысқа жаяу баруды дұрыс деп шешті. Жүрер жол қатты алыс емес-тін. Жолай ескі әдетіне салып газет-журнал сатып алуды жөн көрді. «Свежий» нөмір қолға тиісімен алдын-ала рақат сезіміне батты. Кеңсеге барып, түскі ас уақытында асықпай оқитынына риза болды. Осы жолы көзі «Аңыз адам» басылымына түсті. Ойланбастан сатып алды. Басты бетіне қараса таныс бір адам. Алайда бұл тұлғаның кім екенін есіне түсірер емес. Оның ойы кабинетке кіріп келгенде көптен көрмеген әріптестері улап-шулап қарсы алғанда ғана бөлінді. Қал-жағдай сұрасқандарға өз әңгімесін баяндай кеткен ол журналды ұмытып, жұмыс стөлінің бетіне лақтыра салды. Мұқабасында «Абай Құнанбайұлы 1845-1904 ж.» деген жазуы бар журнал өз уақытын күтіп қалды.

Наркоз ақпарат

Бүгінгі таңда анестезияның үш негізгі түрі бар: жергілікті, жалпы және жұлын.  Кенеттен операция жасау керек болғанда және арнайы балаларға ингаляциялық наркоз түрі қолданылады. Бала маска арқылы ингаляциялық қоспаны дем алады да ұйықтап қалады. Күре тамырдың ішіне жасалатын анестезия ұзақ уақытқа созылатын күрделі операцияларда қолданылады. Травматологияда регионарлы анестезияға (жарақаттанған жердің нервісін өлтіру) басымдық беріледі. Эпидуральді анестезия толғақ кезінде толғақты шақыру не жеңілдету мақсатында жасалынады. Жұлындық анестезия көп жерде қолданылмайды. Жұлындық анестезия алған ауру ешнәрсе сезбейді әрі қалың ұйқыға кетеді. Алайда пациенттің ұйқыға кетпей, санасы ояу болғаны нейрохирургияда жасалатын кейбір операцияларда маңызды.

Пышақ астына ешкім бекерден бекер жатпайтыны белгілі. Наркоз  да сол мәжбүрлектен салынатын дүние екендігін ұмытпаған абзал. Әлбетте оның салдары болады. Олар: жүрек айну, бас ауру, бас айналу, арқа, бел ауруы, бұлшық ет ауруы, сананың тұмандануы, жүйкенің зақымдануы, аллергиялық реакция (аналаксия), көздің қасаң қабының зақымдалуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы және ми жұмысының тоқтауы (өлім). Ең жиі кездесетіні – есте сақтау қабілетінің төмендеуі немесе медицина тілімен айтқанда отадан кейінгі когнитивті дисфункция. Пациент өткен шақтың кейбір сәттерін еске түсіре алмағанына, керек ақпаратты тез қабылдап, жадта ұстай алмайтынына шағымданады. Қолайсыздық әкелетін, қиындық тудыратын мұндай жағдай кезінде емделуші тарапынан қойылатын ең басты сұрақ – ұмытшақтық ауырының қаншалықты ұзаққа созылатындығы. Өкінішке орай, анестезиология ғылымы әлі терең зерттеле қоймаған сала. Сол себепті дәрігерлер нақты жауап бере алмайды. Зерттеулерге сүйенсек, жүрекке операция жасатқандар ұмытшақтық ауруына жиірек (80%) ұшырайды екен. Оған артериальді қысымның кенеттен төмендеуі және қандағы оттегі мөлшерінің азаюы себеп болуы мүмкін. Кейбір зерттеулердің нәтижесі мынандай – есте сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға дейін созылады.

Наркоз естелік

(автор стилі сақталған)

Владимир: Жасым 23-те. 16 жасымда маған жалпы наркоз бен аяғыма екі жергілікті наркозды еге отырып операция жасаған болатын. Бір аптадан кейін өзімнің балалық шағымды ұмытып қалғанымды байқадым. Отаға дейін төрт жолдан тұратын тақпақты екі рет оқығаннан-ақ жаттап алатын мен бүгін сол тақпақты 20 рет оқысам да жаттай алмай қойдым. Уақыт өте келе наркоз күшін толыққанды жойғаннан кейін  жадым, есте сақтау қабілетім орнына келеді деп ойладым. Бірақ олай болмай шықты.

Алтынай: Мен өте күрделі 8 операция жасатқам. Санынан жаңылып қалмасам, 20-22 рет наркоз алғанмын. Оның 8-і жалпы. Әрқайсысы 6-7 сағатқа созылған операциялар. Әр наркоз 5 жыл өмірді қысқартатын болса, мен ендігі жер басып жүрмес едім. Зияны бар – ұмытшақтық. Бірақ уақытша. Менің есте сақтау кабілетім 

Менің есте сақтау кабілетім alt= Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір