• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:40:32
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

Ақ жусан

 

Ақ жусан – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Қазақ гүл бапкерлері ақ жусан гүлін күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады. Көпжылдық гүлді шөптесін өсімдік деп біледі.

Ақ жусан гүлінің биіктігі 40-50 сантиметр шамасында келеді. Жас майсасы топталып өседі, сабақ жапырағында өиі өскен ақ түсті жіңішке түбітшелері болады. Ол түбітшелер сабағы мен жапырағы өскен сайын біртіндеп төгіліп отырады. Жас жапырақтары жіңішке айрықты, кішкене айрықшалары таспа тәрізді болады. Бұтағының жоғары бөліміндегі жапырағы сағақсыз келеді. Шоқбас гүл шоғыры солғын көк не жасыл түсті болып ашылады. Гүлдері жиі топталып шашақталып өседі, мамыр, маусым айларында гүлдейді.

Ақ жусан гүлінің жер шарында тараған 300-ден астам түрі бар. Олар тау беткейлерінде, тақыр далаларда, егіс маңында, жол жағаларында, құмды, тасты жерлерде өседі. Қазақ емшілері ақ жусан гүлінің жер үсті бөлімі дәрі болады деп қарайды. Көктемде жас майсасы 5-7 сантиметрдей өскен кезде қазып алып, тамырын алып тастап, тазалап кептіреді, артынан дәрі жасайды. Ақ жусан гүлінен жасалған дәрілердің қасиеті – кермектеу ащы дәмді, суық райлы, уытсыз болады. Бұл дәрілер ыстықты басады, құрғақты дымқылдандырады, сарғаюды қайтарады. Сары бауыр ауруына, бауыр ауруына, өт қалтасының жедел қабынуына, өтке тас байланғанға ем болады.

Қазақта «ақ жусан жеген қойдай бөртіп алыпты», «ақ жусанның мөртінен бүкіл дала көрікті түске кіреді», «далада ақ жусан иісі мүңк-мүңк етеді» деген тәрізді сөз тіркестері кездеседі.

Расында, ақ жусан күшті хош иісі бар гүл. Ақ жусанды жайылымда жайылған малдардың еті, сүті, шұбаты, қымызы, айраны, іркіті, сорпасы түгел жусан аңқып тұрады. Мұны қазақ «дәрі мал», «дәрі жапырақ», «дәрі бастаудан су ішкен», «дәрі жайылымнан дәрі ішкен нағыз дәрі мал», «ет жеймін, қымыз ішем десең, ауылға ақ жусан піскенде кел» деген сөздерді тектен-текке айтқан жоқ.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір