• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:43:07
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 Әлеумет

Қызылордалық имам «Асыл арнаны» сынға алды

Ақтөбедегі адасқан ағымдарға еріп кеткендермен жұмыс істеуге барған Қызылорда қаласы мешітінің имамы Дайрабай Серікбайұлы сақал мен сенім мәселесіне...

Ақтөбедегі адасқан ағымдарға еріп кеткендермен жұмыс істеуге барған Қызылорда қаласы мешітінің имамы Дайрабай Серікбайұлы сақал мен сенім мәселесіне қатысты батыл пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz NUR.KZ – ке сілтеме жасап.

«Бұл сақалдың өскеніне 25 жыл болды. 1991 жылдан бастап имаммын. Ол кезде салафи деген ұғым жоқ болатын. 25 жыл болған сақалды қазір өзгерте алмаймын. Аталарымыз қойған сақал. Абай да, Шәкәрім де, Ахмет те сақал қойған. Қазір терроризм шықты деп оған өзгеріс жасай алмаймын. Менің сақалыма ешкім ештеңе айта алмайды. Мен имаммын, мемлекеттік қызметкер емеспін. Менің өз құқым бар. Сол үшін де мемлекеттік қызметке кірген жоқпын. Қазір қоғамда түсінік бар. Сақалды көрсе террорист деп шығады. Әсіресе, Ақтөбеде көшеде жүргенде ала көзбен қарап жатқанды сеземіз. Бұрын ондай емес, құрметпен қарайтын еді. Түсіндірме жұмыстары жүрсе, болашақта мұның бәрі шешіледі», - дейді Ақтөбеге 230 адаммен ілесіп келген түсіндіру тобының мүшесі, Қызылорда қаласы мешітінің имамы Дайрабай Серікбайұлы.

Бұрынғы бас мүфтидің көмекшісі қолында құзыреті бар танымал адамдардың салафизмді қолдап отырғанын ашып айтып, Қазақстандағы «Асыл арна» телеарнасының кемшілігін тізбектепті.

«Өз адамдарын тығып отырған танымал адамдар бар. Өнер, мәдениет саласында да бар. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Өздеріңіз білесіздер, «Асыл арнаның» бір кемшілігі бар. Олар ешқашан әулиені мойындамайды. Әулиелер туралы ешқашан бағдарлама түсірген емес. Ол - үлкен кемшілік. Себебі біздің қазақ аруақ сыйлаған», - дейді ол.

Сақалды имам жат ағымның жиындарын біле тұрып, тосқауыл қоя алмаған мемлекетті кінәлады.

«Мен өзім мұсылмандар діни басқармасында бас мүфтидің көмекшісі болып жұмыс жасадым. Сол кезде «Уахабизмнің бүлігі» деген кітап жазған едім. Тәжікстанда соғыс болып тыйым салынды, Өзбекстанда тыйым салынды. Бәрі қашып Шымкентке келді. Шымкенттен кейін Қазақстанның барлық қалаларына кетті. Мемлекет олардың түбінде біздің елге келетініне сол кезде мән берген жоқ. Салафизмге тыйым салмаса да олардың ұстаздарының әлеуметтік желіде уағыз жүргізуіне тыйым салу керек. Жастар сонда тартынады. Салафизмге тыйым салуды халық талап етіп отыр.  Салафизмнің механизмін тауып, тоқтату керек. Себебі қаншама адамды құртып отыр», - дейді имам.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір