• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:09:15
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 NEWS

Маңғыстау облысында балық инспекторларының өздері браконьерлікпен айналысқан (Видео)

Қасқырға қой бақтырған! Маңғыстау облысында балық инспекторларының өздері браконьерлікпен айналысыпты. Қызметтік қайықтарына бекірені толтырып алған оларды...

Қасқырға қой бақтырған! Маңғыстау облысында балық инспекторларының өздері браконьерлікпен айналысыпты. Қызметтік қайықтарына бекірені толтырып алған оларды шекарашылар қолға түсірді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Байда» типті жүрдек қайық облыстық балық инспекциясына тиесілі. Ашық теңізде оның бейсауыт жүргенін көріп, шекарашылар да жеткен екен. Сөйтсе, білдей екі инспектор мен сол мекеменің күзетшісі екі бөшкеге ауызы-мұрнынан шығарып қызыл балық тиеп алыпты. Өздері мұны браконьерлерден тәркіледік деп азар да безер. Тіпті жағалау күзеті үстерінен түскенде, сасқандарынан құжаттарды сол жерде атүсті толтырды. Дегенмен мұнысына енді шекарашыларды емес, тергеушілерді сендіруі тиіс. Өйткені, заңсыз балық аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Инспекторлар браконьерлермен сыбайласты ма, әлде бекірені өздері аулады ма, оны да сол полиция анықтайтын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір