• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:04:46
Алматы
+35°

 

 

Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» қоры қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға 4 млрд теңге бөледі.

Мұндай меморандумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин және шаһардың бизнес өкілдері қатысқан Іскерлік кеңестің отырысында қол қойылды.

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, қаражат қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға бағытталады. Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» қорының қаржысы екінші деңгейлі банктер арқылы үлестіріледі.

  1. Туризм саласындағы кәсіпкерлерге «Алматы туризм» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

Жалпы қаржы көлемі – 2 млрд теңге. Алматы қаласы әкімдігі 1 млрд теңге, «Даму» қоры 1 млрд теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір кәсіпкердің қолына тиетін қаржы шегі 100 млн теңге;

Несие 84 айға дейін беріледі;

Мақсаты – инвестиция және айналым қаражатын толықтыру.

  1. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге «Алматы өнім» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

Жалпы қаржы көлемі – 1 млрд теңге. Алматы қалаcы әкімдігі 500 млн теңге, «Даму» қоры 500 млн теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір несие алушыға 100 млн теңгеге дейін беріледі;

Несие негізгі құрал-жабдықтар сатып алу және жаңартуға 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін беріледі;

Мақсаты – тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар өндірісі.

  1. Инновациялық салаларда қызмет ететін кәсіпкерлерге «Алматы инновациялар» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар:

Жалпы қаржы көлемі – 1 млрд теңге. Алматы қаласы әкімдігі 500 млн теңге, «Даму» Қоры 500 млн теңге бөледі.

Несие мөлшерлемесі жылына 8,5%;

Бір несие алушыға 100 млн теңгеге дейін беріледі;

Несие 84 айға дейін беріледі;

Мақсаты – инвестиция және айналым қаражатын толықтыру.

Мұнымен қатар екі тарап үш бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың кем дегенде 25%-ы start-up жобаларға берілуі керек деп келісті.

Baq.kz 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір