• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:28:53
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

Азат Перуашев: «Болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз»

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиар долларға дейін қысқарады....

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиар долларға дейін қысқарады. Сонымен қатар, мәжілісмен қордағы инвестициялық табыстың 712 миллиард теңгеден 686 миллиард теңгеге дейін, яғни 16 пайызға азаюы мүмкін екенін айтып өтті. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengirnews.kz-сілтеме жасап.

«Ұлттық Қорға қаражат тек теңгемен салынбайды, бұл дегеніміз қордағы ақшаның әлі де біраз азаятынын білдіреді. Мемлекет басшысы негізгі екі мәселені шешу үшін Ұлттық қорды құрды: дағдарыс кезінде экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен болашақ ұрпақ үшін ақша жинау. Бастапқыда бұл қордағы қаражат 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жұмсалды. Бірақ уақыт өте келе Ұлттық қордағы қаражат бюджетті толтыру үшін қажетті кезде ала салатын қаражат көзі болды», - деген Перуашев өз сөзінде.

Сондай-ақ, Азат Перуашев былай жалғаса берсе, Ұлттық Қордағы қаражаттың жетпей қалуы мүмкін екенін айтты.

«Экономикамызды дамытудың орнына біз өзімізге емес, болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз. Біз инвестициялық табысты көбейтудің орнына, қорда қалған ақщаларды жеп жатырмыз. Бірақ бұл жағдай әрі қарай жалғаса бермеуі керек. Осы қалыппен жүре берсек, күндердің бір күнінде қордың өзі бізге жетпей қалуы мүмкін», - деді депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір