• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:03:44
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016

Тұңғышбай Жаманқұлов. Өнер адамы (Видео)

Тұңғышбай Жаманқұловтың орындауында "Өнер адамы" әні. 

Тұңғышбай Жаманқұловтың орындауында "Өнер адамы" әні. 

Сөзі: Есенқұл Жақыпбектікі, Әні: Қадырғали Көбентайдікі.

Біздер, біздер патшадан да паңдармыз,
Біздер, біздер біреулерге арманбыз. 
Барды бар деп, жоқты жоқ деп жасырмай, 
Бақытынан қашып жүрген жандармыз. 
Біреулердің оғы жоқ боп атарға, 
Біздер жүрміз қатерлі бір сапарда. 
Жыртығыңды жамап беріп жатса да, 
Ешкім бізді қоса алмайды қатарға. 

Алдымызда жалт-жұлт етіп от шырақ, 
Әне-міне бақ қонардай боп тұрад. 
Жалпы мақтап жаны қалмай жатса да, 
Ешкім бізді шын түсінген жоқ, бірақ.

Жанымызға бермей ешбір тыныштық, 
Көпшілікпен көп жүруге тырыстық. 
Бар екенін махаббаттың, шындықтың, 
Барша адамға сендіруге тырыстық. 

Бізге ғашық ұятты қыз шыбық бел, 
Бізге ғашық жаны жайсаң жігіттер. 
Біз жүрген жер үлбіреген үміттер, 
Біз жүрген жер ақ ниетті бүліктер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір