• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 18:15:14
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

11 Қараша, 2016 NEWS

Электронды шылымдардың зиян екендігі ғылыми түрде дәлелденді

Америкалық ғалымдар электронды шылымдарға арналған сұйықтықтардың обыр тудыруы мүмкіндігін анықтады. Зерттеу Environmental Science & Technology...

Америкалық ғалымдар электронды шылымдарға арналған сұйықтықтардың обыр тудыруы мүмкіндігін анықтады. Зерттеу Environmental Science & Technology журналында жарияланды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеушілер электронды шылымдардың буында болатын альдегидтер концентрациясын өлшеп көрген. 

"Әрбір дем тарту кезінде тым көп альдегид бөлінеді, ал оның негізгі бөлігі хош иістендіргіш құрамының термикалық ыдырауынан болады", - деп түсіндірді ғалымдардың бірі Андрей Хлюстов. Бірнеше зерттеу қорытындысы бойынша, альдегиттер мөлшері АҚШ мемлекеттік өндірістік гигиенистері ассоциациясы бекіткен деігейден асып отырған.

Еңбек авторлары аьдегид мөлшері шылымдағы хош иістендіргіш мөлшеріне қатысты болатынын айтады. Ғалымдар зерттеуін жалғастырып, басқа да дәмдік қоспалар альдегидтер мен өзге де улы қоспаларды бқлентіндігін анықтап көрмек.

Мұның алдында, вейпер оқушылар электронды шылымнан бас тартып, кәдімгі темекіге қтіп жатқаны байқалған. 

Вейпинг - Электронды шылымдарды, яғни, ингаляторларды қолдану. Алғашында олар темекі шегумен әдетімен күресу құралы ретінде сатылған. Уақыт өте вейпинг жастар арасындағы суб мәдениетке айналыд.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір