• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:31:26
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО-дан астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі...

Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай, өңірден Бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

«Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» шарасы аясында ОҚО делегациясы астаналықтарды өңірдің тарихымен, мәдениетімен және негізгі жетістіктерімен таныстырады. 15 қазанда сағат 11.00 ҚР Ұлттық музейінде «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрме ашылады. Сондай-ақ, сағат 15.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлысымның ұйытқысы - Оңтүстік» атты кітап көрмесі мен ақын-жазушылар кездесуі өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір