• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:00:21
Алматы
+35°

 

          Оңтүстiк Қазақстан облысында 2016 жылдың 9 айында өнеркәсiп саласында 574,2 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi.

          Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда нақты индекс көлемi 104,9 пайызға артты. Өнеркәсiптiң iшiндегi тау-кен өндiрiсiнде 171,6 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды. Жалпы, өнеркәсiптегi үлес салмағы 61,2 пайызға тең өңдеу саласында өндiрiлген өнiм көлемi 351,7 млрд. теңгеге жеттi. Аса маңызды өнiмдердiң iшiнде 22 092,1 мың шаршы метр мақта маталары, 13306 тонна мақта талшығы, 3748 мың тонна мұнай өнiмдерi, 1 946,8 мың тонна портландцемент және 779 млн. кВт/сағ. электр қуаты өндiрiлдi. Оңтүстiк экономикасын құраушы басты сала ауыл шаруашылығы десек, бұл салада 319,6 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Аграрлы өңiрде ауыл шаруашылығы өндiрiсi де жылдан-жылға артып келедi. Өткен жылғы және биылғы 9 айлық көрсеткiштердi салыстырғанда, алынған өнiм көлемi 0,7 пайызға өскен. Қаңтар-қыркүйек аралығында тiрiдей салмақта 146,3 мың тонна ет, 565 мың тонна сүт, 232,3 млн. дана жұмыртқа өндiрiлдi. Бұл өнiмдердiң биылғы көлемi былтырғымен есептегенде анағұрлым көп. Төрт түлiк те жыл санап өсiп келедi. 2016 жылдың 1 қазанындағы мәлiметке сүйенсек, өңiрде 897,5 мың iрi қара, 3895,3 мың қой, 314,6 мың ешкi, 243,9 мың жылқы, 24,1 мың түйе және 2637,6 мың үй құсы бар.

 Тәуелсiздiктен кейiнгi алғашқы кезеңдерде ауыл шаруашылығының iшiнде егiн шаруашылығының үлесi басым болатын. Яғни өңiрде мал өнiмдерiнiң өндiрiсi күрт азайып кеттi. Бүгiнде жағдай бiршама тұрақталды. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жүйелi жұмыстардың нәтижесiнде бұл салада iлгерiлеушiлiк пайда болды. Қазiргi таңда егiн мен мал шаруашылығының арақатынасы онша алыс емес. Мәселен, 2016 жылдың 9 айында диқандар тапқан табыс 168,6 млрд. теңгенi құраса, мал баққан шаруалар 150,3 млрд. теңге пайда түсiрдi.


http://www.inform.kz/

 


 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір