• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:18:13
Алматы
+35°

 

Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы бүгінде ел экономикасын түлетуде тың серпін беретін елеулі күшке айналды. Бір кездері қазақ даласында миллиондап саналатын ашатұяқтылар қатары тоқсаныншы жылдары тіпті азайып кеткен еді. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде соңғы жылдары аталмыш салаға жан бітіп, тамырына қан жүгірді. Мал шаруашылығын өркендетуге көңіл бөлініп, шаруаға қаржылай қолдау көрсетілуде. Бұл қатарда, мемлекеттік бағдарламалар – ата кәсіпті өркендетудегі бірден-бір қолайлы жоба болуда.
Бүгінде Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны 65 мыңнан асып жығылады. Мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары шеңберінде биыл шымкенттік фермерлер 150 ірі қара мал, 15 асыл тұқымды бұқа, 400 уақ мал, 70 жылқы сатып алыпты. Мал бордақылау алаңдарының саны 41-ге артса, 30 жанұялық сүт фермасы қызмет атқаруда. Тиісінше, «Прод&Груп» және «Марк» ЖШС-лері ет өнімдерін өңдеу көлемін жылына 1500 тоннаға дейін арттырып отыр.
Иә, мал – баққанға бітеді. Төрт түлікті қазақ ежелден ырыс санаған. Кез келгеннің қорасына біте бермейтін болған соң да осылай түйіндеген болар. Мал расында мінсе – көлік, жесе – тамақ, ішсе – сусын, кисе – киім. Демек, кәсіптің көзін іздегендер мал шаруашылығына ойланбай кірісуіне болады. Әсіресе, ел болып, еңсе түзеген Тәуелсіздік жылдарындағы шаруалардың жетістіктері еңбектің еселі нәтижесі боларын дәлелдеп бергендей. Бүгінгі қол жеткен жетістіктер Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық мерейтойына лайықты тарту болмақ.

http://shymkala.kz/

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір