• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:19:36
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2016 NEWS

Михаил Горбачев өмір жайлы сыр шертеді. Бұл жайында esquire.kz сайтында жарияланған болатын. Мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы ұсынады

Біреу менен парасаттылық жайлы сұрай бастаса болды бірден ойыма келетіні: бәлкім, мен өмірімнің соңғы күндерін кешіп жүрген болармын.

Менің ең бірінші есіме түсетіні – ашаршылық. 1933 жылы жасым екіден асқан еді, сол кездері менің Андрей дейтін атам үйдің маңындағы көлшіктен құрбақаны аулап, оны бізге rәстрүлде қайнатып беретін. Құрбақаларды қайнатып жатқанда олар көпіршіктеніп кететін. Бірақ сол құрбақаларды жедім бе, жоқ па – есімде жоқ. Кейіннен, біраз уақыт өткен соң Париждің орталығында Париж жайлы ән тыңдап, катермен серуендеп жүрген кезімізде Раиса екеуміз құрбақаның аяқтарын жеген болатынбыз.

1935 жылы қатты науқастанып қалдым. Дем жетпей, тұншығатынмын – мұның себебін жақындарым анықтай алмады. Кереуітімнің басына шамдарды қойып, жылағандарынан басқа ештеңе де істей алмады. Ауыл. 1935 жыл. Бір әйел кірді де құнарлы бал тауып, бір стақан беріп ішкізіңіздер деп айтты.

Қазіргі кезде де көзім жұмсам, көз алдыма үйіліп тұрған бидай елестейді. Әсіресе, маусым айында пісіп жетіліп болған соң, оның орылып, суарылып жатқаны.

Менің атам Андрей мен тағы бір кісі Пантелей ата екеуі де кедей крестьяндар болған. Совет Үкіметі оларға жер беріп, біраз уақыт өткеннен кейін тұрмыстары түзеле бастады. Пантелей қарт үнемі. «Бізді Совет Үкіметі құтқарды, олар бізге жер берді» деп айтып жүретін.

Соғыстан кейін әкеммен бірге 5 жыл комбайнда жұмыс істедім. Сол сәттерде арамыз жақындай түсті. Көп әңгіме айтатынбыз, өзімізше тек еркектер арасында болатын әңгіме деп топшылап қоямыз, кіммен қандай байланыста жүргенімізбен бөлісетінбіз. Әкем маған деген қатаң ескетрпесін анам арқылы жеткізген болатын: «Михаилға айт, түнде ертерек оралсын үйге».

Өмір өзен ағып жатыр, ал адамдар бірі келіп, бірі кетіп барады.

Раиса екеуміз 46 жыл бірге тұрдық, соның 40 жылын екеуміз бірге серуендеумен өткізген екенбіз.

Қартайған шағыңда көз жасыңа ерік бермей ұстап тұру қиын екен.

Қазіргі таңда өз денсаулығыма баса назар аударып жүрмін. Себебі, достарымды 90 жасқа келген мерейтойыма шақырамын деген уәдемді орындағым келеді. Мұның қаншалықты мүмкін екенін білмеймін, дегенмен қай шақта болсаң да алдыңа мақсат қойып, жете білуің керек қой.

Түсімде мені күндіз тебіренткен сұрақтарға жауап тауып жатамын. Маған қасыңа қағаз бен қалам алып жатып, ойыңа келген кезде ұмытып қалмай тұрып жазып қой дейді. Бір күндері солай жасап көрдім, жазып алдым да оқып көрдім, содан мұндай нәрсеге бола түнгі ұйқыны бөлудің қажеті жоқ шығар деп ойладым.

Ресейдің тарихы өте күрделі. Ондағы жақсы күндерді анықтау қиын. Үнемі елді нығайту, жерді кеңейту.

Менен Ресейдің 20 жылдан кейінгі өмірі қалай болатындығы жайлы сұраса, нашар деп айтуға ауызым бармайды.

Ресейдің басты мәселесі халықты саясаттан бөліп тастауында.

Нағыз көшбасшы – нақты, күшті, өміршең оппозицияны ұстана алатын адам. Қазіргі Ресей басшыларының негізгі қателігі – осы мәселені түсіне алмауында. Қысқаша айтқанда, олар оппозицияны жақсы көрмейді.

Еркіндіктің жолымен жүру керек.

Америкалықтар өте өрескел қателік жасады. Олар бәрінен бұрын бізге демократиялы және әділ болатын әлемдік тәртіп керек деп жалпы жұртқа жар салды. Ол үшін батылдық пен білектілік қажет. Дәл осындай шешімдер адамның бет-бейнесін айқын көрсетеді.

Қазіргі таңда бүкіл әлемнің өзгеруіне себеп боламын деп отырған Еуропаның өзінің ішкі жағдайын реттей алмай отырғанына қарным ашиды.

Соңғы күндері менде бір түрлі жағдайлар болып жүр: екінші қабаттан бірінші қабатқа бір затты алуға немес бір нәрсе істеуге түсемін де сол сәтте бірінші қабатқа не себепті келгенімді ұмытып қаламын.

Мен оптимистпін. Барлық әңгімемді мен осы сөзбен аяқтаймын. 

Аударған: Назерке Лабихан

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір