• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:43:43
Алматы
+35°

 

Мал шаруашылығын дамытып, одан алатын өнімді еселеудің жаңа жоспары түзілді. Жоспарды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы таныстырды. Егер құжат жүзеге асса, ауылда тұратын ағайынның әлеуеті артпақ.


Басқарма басшысы таныстырған жоспар бойынша сүтті бағыттағы ірі қара мал саласын дамытуға жіті назар аударылып, үш бағытта жүзеге асады. Сондай-ақ, етті ірі қара мал саласын дамытуға да жіті назар аударылады. Шараны жүзеге асыруға бюджет және қажды институттары тарапынан 21 миллиард теңге бағытталмақ.

Ең бастысы — ауылдық тұтыну кооперациясын құру жобасы ұсынылды. Үш жылдық жоспардың тағы маңызды мақсаттарының бірі — әр бастан алынатын өнімді көтеріп, сапасын жақсарту арқылы нарықтағы бәсекеге қабілеттікті арттыру болып табылады.

Мал өнімділігін арттыруда ең негізгісі — сапалы мал азығымен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда егістік алқаптарын әртараптандыру барысында мал азықтық дақылдарының егіс көлемін ұлғайтуға басымдық беріліп, 2016 жылға дейін 100 мың гектарға артық егілетін болады. Қазіргімен салыстырғанда сояулы мал азығы 250 мың теңге, құнарлы жем 45 мың теңге, сүрлем 85 мың теңгеге артық өндіріледі. Осы көлемді игеруге жаңадан 542 техника, 2,4 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру саласын дамыту саласы 3 бағытта жүргізілетін болады. Бірінші бағыт — асыл тұқымды сүтті бағыттағы бұқаның ұрығын пайдалану арқылы жергілікті ірі қара мал тұқымын жақсарту. Екінші бағыт — сүт тауарлы фермалардағы табынды жаңарту мақсатында асыл тұқымды аналық баспен алмастыру. Үшінші бағыт — 2014-2016 жылдары қосымша сүт тауарлы фермалары мен жанұялық фермалар құру.

Abai.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір