• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:41:17
Алматы
+35°

 

Шымкент аумағындағы жердің 62 219 гектары ауыл шаруашылығына пайдалану мақсатында берілген. Қалаға жақын маңдағы елдімекендердің қосылуы есебінен агроқұрылымдардың саны биылдың өзінде 3,5 мыңға артты. Қазір қалада барлығы 4152 шаруа қожалығы тіркелген болса, олар мал басын көбейтумен қатар өз өнімдерін шығарып жатыр.  Шымкент қаласының 2020 әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуда келесі жылдан бастап  біршама өзгерістер орын алмақ. Яғни, өнім көлемін арттырамын деген диқандарға қолдау көрсетілетін болады. 

Иә, бұл мақсатты жүзеге асыруда жалпы 1221 гектар жер бөлінетін болды. Атап айтқанда, оның 5 гектарында мал сою алаңдары, 136 га индустриалдық тамақ өнеркәсібі, 300 га қарқынды бау егуге, 200 га жылыжай кешені, 100 га гүл және ағаш питомнигін құру, 100 га көкөніс пен бақша егу, 380 га жерге мал шаруашылығын дамытуға беріледі. Мұндағы басты мақсат – шаруаларға қолдау көрсете отырып, сапалы өнім алуды көбейту. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде интенсивті бау егу, жылыжайда тамшылатып суғару секілді жаңа технологияларды қолданған, ауыспалы егісті жүзеге асыру мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге қызығушылық танытқан шаруаларға жағдай жасалады. Дегенмен, өнім алуда мейлінше озық технологияларды қолданғандығы ескеріледі. Жай ғана емес, бір айналымда 400-500 тонна көкөніс беруге лайықталған фермерлік жылыжайларды көбейтсек дейміз. Екінші жағынан өнімнің сапасын жақсартуда қолға алуда ғылыми-зерттеу институттарының мамандарын тартып жатырмыз. Шаруалар мен ғалымдардың басын қосып, елдімекендерде семинарлар өткізуді келесі жылы көбейтеміз.

Ғани Құрманбай

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы

http://kazrabat.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір