• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:01:55
Алматы
+12°

04 Қыркүйек, 2012 NEWS

«Көк тудың желбірегені» әні өз деңгейінде орындалып жүр ме?

Редакциямызға белгілі әншілер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қайырбайқызы арнайы ат басын тіреді. Әңгімеміз –...

Редакциямызға белгілі әншілер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Құрманбек Әлімғазыұлы мен Риза Қайырбайқызы арнайы ат басын тіреді. Әңгімеміз – әуенін марқұм Ермұрат Зейіпханұлы, сөзін Алмас Ахметбекұлы жазған «Көк тудың желбірегені» әні турасында өрбіді. Олар бұл әннің алғашқы орындаушылары екенін, Ибаргим Ескендірдің аталмыш әнді орындау шеберлігіне, деңгейіне көңілдері толмайтындықтарын айтты.  Біз жұртшылық пікірін қаз қалпында беруді жөн көрдік.

http://youtu.be/iP47jLyWNcA

Құрманбек Әлімғазы:

«Көк тудың желбірегенін»  әр қазақ жырлауға тиісті. Бірақ орнымен, мелодиясымен орындаса екен. Өз қалпында орындамаса, халыққа жетпейді. Ибрагим ініміз бұл әнді лирикаға айналдырып жіберіпті. Біз «Көк тудың желбірегені» әнін 2001 жылы 16 желтоқсанда Республика алаңында алғаш рет орындадық.  Халық керемет қабылдаған.  Сол үшін айрықша тер төктік десек артық айтқандық емес. Бұл ән біздің паспортымызға айналды.  «Қазақ радиосының» Алтын қорына енді. Әннің авторы Ермұрат марқұм тірі кезінде ерекше ризашылығын білдірген. 2007 жылы ән сөзінің авторы Алмас Ахметбек демеуші болып,  Оралхан Сәдуақастың оранжировкасымен қайта өңдеп орындадық.  Алдағы уақытта рухты оятатындай етіп, клип түсірейік деп жатырмыз.  

Риза Қайырбай:

Ибрагим бауырымызға айтырмыз, мұндай биік әнді шынайы деңгейі, өресі жетсе орындасын.  Осы әннің халыққа жетуі үшін 11 жыл тер төктік. Ал оны бұл бауырымыз алады да, лирикаға ауыстырады. Бұл – үлкен қателік. Тіпті алғаш орындаушылардың бірі осы кісілер ғой деп бір ауыз рұқсат сұрауды да білген жоқ. Ермұрат марқұмның жан дүниесін тебірентіп шығарған мұндай әуенді қалай болса солай  бұзуға болмайды. Өйткені, «Бұл әннің бағын сендер аштыңдар, сендер көтеріңдер» деп, Ермұрат марқұм бізге аманаттағандай болып еді. http://youtu.be/alOTLSogUak

Тілеубек Қожан, әнші, "Көк тудың желбірегені" әнін алғашқы орындаушылардың бірі:

Бұл ән 1999 жылы шықты. Ән болып, қатарға қосылғаны 2000 жылдары. Ермұрттың бірінші концертінде Майрам  Мұхамедқызы орындаған. Бұл әнді эстрадада айтып жүргеніне көңілім толмайды. Мелодиясына өзгерістер жасаған, біраз жерінде қателік бар. Бірақ халыққа таратып жүргеніне рахмет айтамыз.  «Біреудің  жолына ізденіс жасасаң, дұрыстап жаса» дейді ғой. Ермұрат марқұм тірі болса, «мына жерін былай айту керек, мына жерін былай орындау керек» деп Ибрагимге ескертетіні сөзсіз еді... Біз әрқашан өз нұсқамызбен орындай береміз. Кеше Конституция күніне орай Республика сарайының алдында өткен концертте де Ермұраттың нотасы бойынша орындап шықтым. http://youtu.be/ldTxogCeNy8

  Біржан Шаншарбеков, тыңдарман:

– Бұл ән мен сүйіп тыңдайтын әндердің бірі. Жақында Ибрагим Ескендірдің орындауында тыңдап тағы бір риза болдық. Дегенмен әннің бұлайша лирикалық ән болуына әркім әртүрлі пікір айтуда. Жалпы, сазгердің өз қалауы бойынша осылай орындалып жатса, әрине, қарсы емеспіз. Бірақ ертең тағы біреулер басқа жанрға салып немесе өз қалауынша өзгертіп жатса, керемет әннің қадірі қашады деп ойлаймын. Әннің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлының пікірін білу үшін хабарласқанымызда, ол өзінің Қытайда сапарда жүргенін айтты. Егер осы пікірлерге байланысты Ибрагим Ескендір өз жауабын айтып жатса, оны да өз қалпында оқырманға ұсынуға бармыз.  

Жаңылай Базарбаева «Қамшы» порталы
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір