• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:09:52
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 Кәсіпкер

Елбасының Димашқа бата беруі (ВИДЕО)

Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында Димаш Құдайбергенмен кездесті деп хабарлайды

Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында Димаш Құдайбергенмен кездесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенге ақ батасын берді. Әлемдік сахнада өнер көрсетіп, қазақ елін дүниежүзіне танытып жүрген Димашты ең алдымен еңбегінің, одан кейін Құдай берген талантының арқасында зор жетістіктерге жеткенін тілге тиек етіп, даусын сақтауға кеңес берді. 

"Сенің бойыңда айрықша дарын бар. Соны сақтай біл. Мен сенің болашағыңның жарқын болуын тілеймін. Халқыңа қызмет ету жолында қуатың сарқылмағай. Сені қазір барлық жерге шақырып жатыр. Сол үшін саған мықты денсаулық керек" деп батасын берді Елбасы. 

Димаш әлемнің қай түкпіріне барсақ та Қазақстаннанбыз деп басымызды тік көтеріп, өресі биік ел екеніміз көрсете отырып, мақтанышпен байқауға баратынын айтып, тәуелсіздік пен бейбіт өмір үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Әнші арманы туралы да айтып өтті.

"Мен үшін Сізден бата алу үлкен бақыт. Үлкен аренада жеке концертімді беру менің арманым. Сол арманымның орындалуына демеу білдіріп жатқаныңызға рахмет айтамын" деді Димаш. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір