• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:37:27
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Әлеумет

Тозақпен тең өмір: ДАИШ тұтқынында болған әйелдер сұмдық тағдырларымен бөлісті

2014 жылдың жазында Ирактың Синжар қаласы «Ислам мемлекеті» әскерглере толды. 5 мыңнан астам әйел тұтқында болып, құлдыққа сатылды. Тек...

2014 жылдың жазында Ирактың Синжар қаласы «Ислам мемлекеті» әскерглере толды. 5 мыңнан астам әйел тұтқында болып, құлдыққа сатылды. Тек бірен-сараны қашып құтыла алған.

Бұл әйелдердің адам жанын түршіктірер оқиғалары жайында жергілікті БАҚ тілшісі ДАИШ тұтқынынан тек бір ғажаптың күшімен құтылғандардан біліп қайтты.

Назима атты 22 жастағы арудың айтуынша, әскерлер Назиманы сатып жіберген. Сатып алушы адам оны басқа қалаға алып кетеді. Өз еркінен тыс сол еркектің әйелі атанады. Ер адам бір орында тұрақтамайтын, бір жылда бірнеше рет орын аусытырып жүрген екен. Назиманы да жанынан бір елі тастамаған. Ал қыз еркектің ығына бағынбай, қашып кетуге тырысқан соң талай таяқ та жеген. Тіпті, апталап жабық әрі қараңғы бөлмеде аш отырған.

Мосулға келгенде Назима тағы қашуға тырысқан. Бұл ойы жүзеге асты да. Жолда кездескен таксиге отыра сала, өзін құлдықта ұстап отырғанын таксиске бірден жеткізеді. Назиманың өтініші бойынша, таксиші қыздың ағасына хабарласып, Назиманы күрдтер паналайтын лагерьге жеткізіп салады. Сөйтіп, Назима бостандыққа қол жеткізеді.

28 жастағы Руба есімді қыздың оқиғасы да адамның жүрегін алмай қоймайды. Қыз Сауд Арабиясынан шыға бере құлдыққа тап болады. Белгісіз ер адам қызды күштеп әйелдікке алмақ болған, алайда қыз қасарысқан. Сол сәтте ол Рубаны соққыға жығып, қарумен сес көрсетеді. Рубаның кішкентай жиені де осы адамның құлдығында болған көрінеді. Әпкесімен қоса құлдықтағы өмірдің ащы дәмін кішкентай бүлдіршін де татты.

Бұдан кейін, Руба жиенімен басқа еркекке сатылды. Ол да қыздарды күн сайын сабаумен болды. Тіпті зорламақ болған, бірақ қыз зорлықтан құтылған. Не керек, үшінші рет сатылыпты. Ол жерде бір үйдің қызметшісі болып жұмыс атқарды. Қожайынының әйелі қыздың 3 жасар жиенін әбден қорлаған: ұрып-соққан, қараңғы бөлмеге қамап қойып, тамақсыз қалдырған. Қыздардың денесінде сол күндердің естелігі ретінде тыртық қалып қойған.

22 жастағы Ширин албандыққа сатылып, 5 отбасы тұратын үйге тап болды. Ол жерде үй шаруасымен ғана айналысып қоймай, үйде тұратын әр еркектің көңілін табу да жас қыздың мойнына жүктелді. Бірнеше айдан соң Ширинды сириялық отбасына сатып, ол жерде бала күтуші болып қызмет атқарды.

Күндердің бірінде қызда қашып құтылатын мүмкіндік туды. Далада қалған Ширин адамдардан көмек сұрап, ағасына хабарласады. Сөйтіп, үйіне қайтып, құлдықтан бір жола құтылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір