• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:12:20
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Саясат

Ақ нәсілді қызға ғашық болған Обама одан не үшін бас тартқанын айтып берді

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың биографиясын жазған Дэвид Гэрроу америкалық лидердің кезінде қандай себеппен ақ нәсілді қызға үйленбегендігін жария етті...

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың биографиясын жазған Дэвид Гэрроу америкалық лидердің кезінде қандай себеппен ақ нәсілді қызға үйленбегендігін жария етті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентті The Daily Caller басылымына сілтеме жасай отырып. Обама ақ нәсілді қызды жар етсем, саяси беделіме нұқсан келеді деп қорыққан.

Шейла Мийоши Джагер Обама жар еткісі келген қыз. Ол жартылай жапон, жартылай нидерландиялық болған.  1986 жылы үйленуге ұсыныс жасаған Обаманы қыздың әкесі жақтырмай қалған. Қыздың әкесі болашақ күйеужігіт қызын қамтамасыз ете алмайды деп ойлаған. Сондықтан да үйлену тойы кейінге шегерілген екен.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін нәсілдік негізге байланысты екі ғашық айырылысып тынады. Иллинойс штатынан сенаторлыққа түскен қара нәсілді Ричард Ньюхаустың оқиғасынан кейін Обама үйленгісі келмей қалған. Ричардтың әйелі ақ нәсілді болғаннан кейін оны саясатта жиі сынға алған екен.

Барак Обама және оның жұбайы жақында ғана мемуар (естелікке толы) кітап шығаратындарын айтқан болатын. Бұл екі бөлек кітап. Алайда жұп оны комплект ретінде сатпақшы.  

 

Аударған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір