• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:11:15
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Әлеумет

Бір үзім нан үшін мойнындағы күміс алқасын сатқан әженің оқиғасы

Өмірдің нағыз қайнаған қазаны базар-ау деп қоямын... Өзгелермен иық тіресіп, әйтеуір, сабылып жүрген бір адам, тынымсыз тіршілік. Гүлге қонған ара секілденіп...

Өмірдің нағыз қайнаған қазаны базар-ау деп қоямын... Өзгелермен иық тіресіп, әйтеуір, сабылып жүрген бір адам, тынымсыз тіршілік. Гүлге қонған ара секілденіп әрі ең жақсысын, әрі ең арзанын іздеген сатып алушы, өз тауарын тиімді өткізуді ойлаған сатушы. Көздегендері қарама-қайшы осы екі тараптың келісімге келе алмай жанжалдасып жататын сәттері де аз емес. Бірақ, менің айтатыным жоғарыдағыдай келеңсіз жағдай емес, керісінше жанымызда жақсы адамдардың да жүргеніне еріксіз сендіретін оқиға...

Сол күні, кешке жақын мұғалімнің тапсырмасы бойынша қаламыздың алпауыт базарларының біріне аттанған едім. Ерсілі-қарсылы өткен адамдар тобырын тамашалап, жазуға іліп алар ештеңе байқамаған соң, көңілім құлазып қайтпақшы едім, көзім бір әжейге түсті: үстіне киген киімі жұпыны, жүзі жабырқау. Бір-екі тозығы шыққан кітап, ескілеу қол сағаты және күміс алқасын сатпақшы ниетте отыр. Ұзақ бақыладым. Ешкім де әжейдің тауарына қызығушылық танытпады. Базар тарап жатыр. Күрсініп қойып, өз заттарын жинауға ұмтылған әжейдің назарын бір жас бойжеткен бөлді. Екеуі аз-ақ сөйлесіп, бағанағы ару әжейдің бар тауарын сатып алып, күміс алқасын әжейдің төсіне тақты да көкжиек жақта ғайып болды. Байқап қарасам, әжей көзіне жас алыпты, кейіннен азық-түлік дүкеніне шапшаң басып аттанып кетті...

Ол кім әжей, басынан қандай жағдай өткенін білмедім, бірақ сол оқиға тұнжыраған тұманды күнде жарық сәулесін төгіп, менің жанымды жадыратты...

 

Жұбандықов Қуанышбек

Журналистика факультетінің 1 курс студенті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір