• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 22:02:26
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

«МЕН-ҚАЗАҚПЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

«Салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

«Салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

            2017 жылдың 11 мамырында Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Мен қазақпын» атты халықаралық мегажобаға байланысты баспасөз маслихаты өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  

            Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатысты.

            «Қазақстан» РТРК» АҚ атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мен-қазақпын» атты халықаралық мегажобаға байқау жариялады. Бұл ауқымды байқауға қазақстандықтардан басқа, Ресей, Қытай Халық республикасы, Монғолия мен Алтайда тұратын қандастарымыз да қатысып, қазақ өнерінің бай музыкасын халыққа кеңінен танытуға жол ашатын болады.

            Жобаның мақсаты, төл өнеріміз -  жыр-термелерді, күйді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сәйкес жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Әрбір облыс орталықтарында арнайы  іріктеу турлары өткізіліп, ең жүйріктілері Республикалық телевизиялық байқауға жолдама алады.  Елімізге танымал термешілер, күйшілер мен жыршылардан құралған қазылар алқасы қатысушыларды іріктеп алады.

            Байқауға қатысатын үміткерлердің сахналық киімі қазақы үлгімен тігілген, бүгінгі заманға сай болуы керек.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы жобаның іріктеу турлары бойынша арнайы кесте құрылғанын атап өтті. Өңірлердегі алғашқы байқаулар Алматы қаласы және Ақтөбе облысынан маусым айының 5-нен басталады. Шілдеде Ресей, Қытай және Моңғолияда байқаулар өткізіледі. Іріктеу турынан түсірілген күнделіктер Ұлттық арна эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіледі.

Ал, жоба көрерменге ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінен бастап жол тартады. «Күнделіктерді түсіру мақсатында арнайы екі шығармашылық топ құрылды. Бір топты танымал күйші Айбек Бекбосын, екінші топты дәстүрлі әнші Аллажар Қайбар жүргізеді. Жобаны жүзеге асыру үшін облыстық филиалдар атсалысатын болады», - деді Е.Қарин.

Айта кетсек, жоба 10-желтоқсанда қорытындыланып, Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада гала-концерт ұйымдастырылатын болады.

Үміткерлердің тапсыратын құжаттары:

-     жеке бас куәліктерінің көшірмесі;

-     өмірбаяны;

-     оқитын (оқушылар мен студенттер үшін), жұмыс істейтін жерінен анықтама;

-      сапалы электронды нұсқадағы суреті;

-      әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштері конкурстың басталуынан 20 күн бұрын жергілікті жердегі ұйымдастырушылардың электронды адресіне жіберілуі тиіс: 

            Байқаудың жеңімпаздары Астана қаласында бас қосып, бағдарлама аясында арнайы статуэткамен, сонымен қатар, «Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі», «Жылдың ең үздік күйшісі» және байқай лауреаты номинацияларымен марапатталады. Байқау бойынша толық ақпарат алу үшін Стратегиялық маркетинг департаментіне хабарласу қажет.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір