• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 16:51:19
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

19 жастағы жігіттің мәйіті жарты жылдан кейін өзеннен табылды

Бес ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы өзеннен табылды деп хабарлайды

Бес ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы өзеннен табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Мәйітті 10 мамыр күні Пригородный ауылынан 2,5 километр қашықтықта жатқан Ешім өзенінен жергілікті тұрғындардың бірі тауып алып, дереу аудандық ІІД-не хабар берген.

Зерттеу жұмыстары барысында табылған мәйіттің жаңа жыл мерекесі қарсаңында жоғалып кеткен 1998 жылғы Руслан Зингеров есімді азамат екендігі белгілі болды. Бірінші қаңтар күні 00:15 шамасында үйінен шығып, би алаңына кеткен. Содан бері үйіне оралмаған баланың өмірінен еш хабар болмады. Полиция басқармасында тіркеуге алынбағандығы белгілі болды, сонымен қатар, ешқашан да үйінен ұзақ уақытқа шығып көрмеген. Мәйітте зорлық белгілері мен тері жарақаты жоқ. Қазіргі уақытта денені мәйітханаға жеткізіп, өлімнің себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір