• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 16:51:07
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Саясат

Мәжілісте халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өтеді

Астана, 11 мамыр, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінде 2017 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік...

Астана, 11 мамыр, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінде 2017 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент депутаттары дәрімен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін және осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқыламақ.

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысады деп күтілуде.

Шараға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, сондай-ақ дәрілік саясат саласындағы халықаралық сарапшы Франс Стоббелаардың (Нидерланд) тақырыптық баяндамалары тыңдалатын болады.

Сонымен бірге, Тыңдауды дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев баяндама жасайды.

Парламенттік тыңдауға сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдері, ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың басшылары мен шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады деп жоспарланған. Тыңдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұсыныстар әзірленеді.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір