• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 19:31:46
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Әлеумет

16 жасында 150 баланың анасы атанып үлгерген Тоқтаған әжейдің есімі ұмытылмайды

 1 жыл бұрын Қырғызстандағы Күрменті ауылының тұрғыны, соғыс жылдарында 160 баланы құшағына басқан аңыз-әйел қаза тапты. Бүгінде оның есімі әлі ел аузында.

 1 жыл бұрын Қырғызстандағы Күрменті ауылының тұрғыны, соғыс жылдарында 160 баланы құшағына басқан аңыз-әйел қаза тапты. Бүгінде оның есімі әлі ел аузында.

Оның оқиғасы – өмірде мейірімділік пен адамшылық сынды қасиеттердің сақталғандығының дәлелі.

1941 жылы соғыс басталған уақытта қырғыз ауылының еркектері түгелдей дерлік майданға аттанды. Ал 16 жастағы Тоқтаған Алтыбасарова ауыл кеңесінің жетекшісі болып тағайындалды.

1942 жылы аудандық комитеттен Күрментіге Ленинградтан тылға жіберілген 160 бала әкеледі деген хабар келеді. Бұны естіген Тоқтаған балаларға арнап үй дайындауға көшеді, ішіне шөп толтырып өз қолымен матрастар жасайды.

Сөйтіп 42-нің тамызында қырғыз еліне ленинградтық балалар келіп түседі. Күрменті аулының тұрғындары әбден таусылған балаларды көргенде естерінен тана жаздаған: аштықтан азып кеткен, көздері қорқынышқа толы, әлсіреген, тіпті кейбірінің жүруге шамалары жетпеген.

Бұл көріністен соң Тоқтаған Алтыбасарова ауыл тұрғындарын балаларға көмектесуге шақырды: тұрғындар үйлеріндегі ең соңғы азығын, сүттерін шығарып, қымыз құйып, ірімшік-құрттарын алып шығып, балаларға ұсынды.

Тоқтаған әжей әр баланы өз қолымен тамақтандырды, себебі олардың әл-құты қалмаған еді. Ата-аналарынан айырылып, далада қалған балаларды көру қыз үшін ауыр тиді, тіпті жылап та алатын, алайда көз жасын сүртіп, қайта қамқорлыққа кірісетін.

Балалардың көбі өз есімдерін білмеген, Токтогон әжей әрқайсысына өзі естіген орыс есімдерін қойды.

Балаларға қамқорлық таныту үшін Күрменті ауылының әр тұрғыны көмегін аямады, киімдер, шұлықтар тікті. Токтогон жұмыстан кейінгі уақытын балалардың жанында өткізетін.

Үлкен қыздар оны Тоня-әже дейтін. Ал кішілері апа дейтін. Бойы аласа, ап-арық болса да, Тоқтаған Алтыбасарованың көңілі кең еді, жұдырықтай жүрегі 160 баланы бірдей жақсы көрді.

Бірнеше жылдардан соң ленинградтық балалардың тағдыры әр жерге ойысты: біреулері Ленинградқа қайтты, кейбірі Қырғызстанда қалды. Бірақ әжелерін ешқашан ұмытқан емес, әр кез хат жолдап тұратын, мүмкіндік туған сәтте барып тұратын.

Ал әжей өз ауылының бір майденгеріне тұрмысқа шығып, 8 бала тәрбиелеп өсірді.

Бішкектегі Даир Асанов атындағы Жеңіс саябағында Тоқтағанның бейнесі бейеленген мүсін орнатылды.

Өмірінің соңғы жылдарын Тоқтаған әжей балаларының, туғандарының, немере-шөберелерінің жанында өткізді. Бар тілегі – «Жер бетінде соғыс болмасын, балалар әрдайым ата-ана қамқорлығында болсын» еді.

Мұндай жанның есімі ешқашан ұмытылмайды, әр жыл сайын айтылады, жүректерде мәңгілік сақталады. 

Дайындаған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір