• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 17:32:36
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әйелінің мәйітімен бір апта тұрған ер адам: Бәріне осылай жасауға кеңес беремін!

50 жастағы Рассел Дэвисон өзінің жұбайын жер қойнына беріп қарап отыра алмағанын айтқан.  Англия тұрғыны Рассел өзінің әйелінің денесін бір апта бойы...

50 жастағы Рассел Дэвисон өзінің жұбайын жер қойнына беріп қарап отыра алмағанын айтқан.  Англия тұрғыны Рассел өзінің әйелінің денесін бір апта бойы үйінде сақтаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Соңғы «қош бол» деген сөзді айта алмай бұл айырылысуды ұзақ қабылдай алмай жүрген. Расселдің жұбайы 21 сәуір күні жатыр мойны обырынан қайтыс болған.

Рассел мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді.  Жұбайым Венди еш өзгеріссіз өмір сүріп жүргендегідей бәз қалпында болды дейді ол.

Венди қайтыс болған соң Расселге өз ұлдарының құрбылары  жуындыру рәсімін атқаруға көмектескен. Содан  соң марқұмға көйлек кигізіп, бет-әлпетін бояп табыт ішіне жатқызып қойған. Табытты Расселдің бөлмесіне қойған. Рассел болса бір апта бойы өзінің қайтыс болған сүйіктісімен ұйықтап жүрген.

Расселдің айтуы бойынша, Венди екеуі бір-бірін бала кезден танитын. 13 жасынан бірге тұрған. Осы орайда сүйіктісін жоғалтқан ол, жақындарын жоғалтқан кез-келген адамға өзінің тәжірибесінде болған әрекетін ұсынады. "Дұрыс қоштаса алу керек"- дейді ол.

«Табытта жатқан кезде ол күлімсіреп жатқандай болып көрінді. Бұл тек жақсы естеліктер қалдырған жымиыс еді» дейді.

Дайындаған: Назерке МҰСА 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір