• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 00:57:30
Алматы
+35°

Ерекше болып туылғандарды Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға ұсынады

Мирто Корбин Техаста дүниеге келген төрт аяқты қыз. 13 жасында циркке жұмысқа тұрып атақты болған. 18 жасында тұрмысқа шығып, төрт баланың анасы атанған.

Огайода Фанни Миллз есімді жас қыз аяғы ісіп кететін аураға ұшыраған. Бұл ауруды XIX ғасырда емдеудің жолын таппаған. Фаннидің аяғының ісіп кетуінен оған жүру  қиынға соққан.

Феликс Уэрл  денесінің кез-келген жерін тарту арқылы танымал болған. Феликс  сирек кездесетін аурумен ауырған.

Әлемдегі тағы бір ерекше адам Роберт Хаддлерстон. Роберт екі аяғымен жүре алмайды, тіпті оған екі аяғымен тұру да мүмкін емес. Роберт екі аяғы мен екі қолы арқылы жүреді және осы арқылы ауыр жүктерді 25 шақырымға дейін жеткізе алады.

Сиам егіздері Чан мен Энг  1811 жылы Таиландта дүниеге келген. Бірнеше жылдан кейін сатушы  Америкаға келіп, сиам егіздерін фрик-шоу (құбыжықтар шоуы) иелеріне сатып жіберді. Олар кездейсоқ танымал  болады.  Егіздер үйленіп артынан 21 қалыпты егіз балалар дүниеге келеді.

Элла Харпер тізе буындарының қисаюы арқылы елге танымал болған. Элла циркте жұмыс жасап, аптасына 200 доллар ақша тапқан. Элла бірнеше жылдан кейін цирк жұмысынан шығып, орта мектепті бітіріп студент атанады және тұрмысқа шығады.

Стефан Бибровски арыстан кейіпінде дүниеге келген ерекше адамның бірі. Ата-анасы 4 жасында Еуропадағы  фрик-шоудың иесіне сатып жіберген. Стефан өте ақылды, білімді болған және бес тілде сөйлей алған.

Исаак Спарага «тірі қаңқа» атағына ие болған ерекше жанның бірі. Исаак 12 жасында арықтап кеткен. XIX ғасырда дәрігерлер Спрагтың емін таба алмаған. Спраг  «тірі қаңқа» атымен циркте өнер көрсеткен. 46 жасында 19 келі салмақпен көз жұмған.

Эли Боуэн қысқа аяқпен дүниеге келген.  Элиннің аяғы құстың қанаттарына ұқсас болған. Эли циркте акробат болып елдің назарына іліккен. Эли үйленіп 4 баланың әкесі атанған. 80 жасында дүниеден озған.

XIX ғасырдағы ерекше адамның бірі голландық Мирин Дайо. Дайоның өмірі тарихшылырға жұмбақ, себебі Иесі Дайоның басынан екі рет атса да аман қалған. Дайо циркте аузына қылыш салу арқылы көзге түскен.

19 ғасырдың аяғында Вирджинида дүниеге келген егіздер Уилли мен Джордж Мьюз «аңшының басы» атағына ие болып циркке сатылып кеткен. Цирктен ұзақ уақыт жұмыс істеп зейнетке шыққан. Егіздердің біреуі 1971 жылы 78 жасында көз жұмса, екіншісі 108 жасында дүниеден өткен.

Бетти Лу Уильямс 1932 жылы дүниеге келген. Беттидің ағзасы дамымай, жамбас жағынан аяқ пен қолдар өскен. Фрик-шоуда жұмыс істеп, аптасына 1000 доллар  табыс тауып отырған. Тапқан ақшасына ата-анасына ферма ашып беріп, інілері мен әпкелерін колледжде оқуына көмектескен. Бетти 23 жасында өмірден озған.

Энуард Бопре әлемдегі ең ұзын адамдадың бір, оның бойы 2,5 метр шамасында болған. 23  жасында  өкпе ауруынан қаза тапқан Энуард Бопре үлкен күшке ие болған екен.

1920 жылы фрик-шоуда Сюзи терісі арқылы танымал болған. Сюзидің терісі пілдің терісіне ұқсас болған. Сюзи ұялшақ болған. Куәгерлердің айтуы бойынша Сюзи жұмысынан өте көп зардап шеккен.

Әлемге танымал болған адамның бірі Грейди Стайлз. Стайлз «шаян адам» атағына ие болған ерекше жандардың бірі. Стайлздың әкесі шаян қолмен дүниеге келген екен, осы ауру Стайлзға берілген.

Дайындыған: Ақнұр МҰХТАРХАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір