• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 02:06:14
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2017 Әлеумет

Стивен Хокинг: Адамзаттың тек 100 жылы ғана қалды

Танымал физик Стивен Хокинг өзінің Жердің болашағы туралы болжамын өзгерткен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Британдық ғалым жаңа болжамын...

Танымал физик Стивен Хокинг өзінің Жердің болашағы туралы болжамын өзгерткен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Британдық ғалым жаңа болжамын халыққа жария еткен. Ғалымның айтуы бойынша адамзат баласына басқа планетаға көшу үшін 100 жыл уақыты ғана бар.

«Климаттың өзгеруі, астероидтар соқтығысы, түрлі эпидемиялар, адам санының күр өсуі- барлығы жер шарын тұрақсыздыққа әкелуде»-дейді ол өзінің жаңа деректі фильмінде.

Осы орайда адамдар жаңа ғаламшарға алдағы  100 жыл ішінде көшіп үлгеруі керек. Олай болмаған жағдайда адамзат жоғалып кетуі қаупіне кезігеді.

Осыған дейін ғалым адамзат 1000 жылдан кейін жойылады деген болжам жасаған болатын.  Жер шары адамдары үшін ең қауіпті нәрсе- ядролық соғыс, жаһандық жылыну, генетикалық модификацияланған вирустар мен жасанды интеллект дейді ол.

 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір