• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 23:08:53
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2017 NEWS

Теңіз жағасынан ұзындығы 15 метр бейтаныс тіршілік иесі табылды (ВИДЕО)

Индонезия тұрғындары теңіз жағасынан  ұзындығы 15 метр бейтаныс тіршілік иесін тапты. Бейтаныс тіршілік иесінің қалдықтары Индонезияның қараусыз қалған...

Индонезия тұрғындары теңіз жағасынан  ұзындығы 15 метр бейтаныс тіршілік иесін тапты. Бейтаныс тіршілік иесінің қалдықтары Индонезияның қараусыз қалған жағалауында табылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ұзындығы 15 метрді құрайтын, ал ені 2 метр тіршілік иесінің қаңқасын жергілікті тұрғын Асрул Туанакота Серам аралының солтүстік жағалауынан тапқан. 37 жастағы Туанакотаның айтуы бойынша, бастапқыда белгісіз тіршілік иесін қайық деп ойлаған.

Біраз уақыт өткен соң белгісіз гиганттың табылған жеріне жергілікті тұрғындар жинала бастаған. Кейбір тұрғындардың ойынша бұл алып кальмардың немесе киттің қалдығы.

Жергілікті тұрғындар алып гиганттың мәйіті аралда қалмауын сұрап билік басындағыларға хабарласқан.

Шолушы : Айгерім Таубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір