• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 22:50:18
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2017 NEWS

АЛМАТЫДА ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Әйелдер кеңесі - әскери қызметшілердің отбасы мен әйелдер ұжымындағы моралдық-психологиялық жай-күйін қалыптастыру, жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық...

Әйелдер кеңесі - әскери қызметшілердің отбасы мен әйелдер ұжымындағы моралдық-психологиялық жай-күйін қалыптастыру, жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көмектесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру аясында әйел-әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғау болып табылады.  Әйелдер кеңесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен әскери мекемелеріндегі әйелдер бастамасы бойынша құрылған.

Әйелдер кеңесінің мақсаты - Қарулы Күштердерінде әскери қызметін өткеріп жатқан офицерлер мен сержанттардың әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы жағдайын қадағалау, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және балабақшаға беру,әскери борышты өтеу кезінде қаза тапқан отбасыларға және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, көпбалалы отбасыларға, балалары науқас отбасыларға көмектесу. Осы орайда айта кететін жәйт, Қарулы Күштеріндегі әйелдер кеңесінің өкілдері әскери қызметшілер мен олардың отбасылары тұрып жатқан әскери қалашықтар мен жатақханаларды аралап, ең өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар кездесулер өткізді.

Әйелдер кеңесі қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарып келеді. Соның бірі - әлеуметтік аз қамылған және әскери қызметшілердің науқас балаларының емделуіне көмек қолын созу мақсатында - Алматы қаласында Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының ұйымдастырумен тұңғыш рет қайырымдылық акция жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке "Отбасы күніне" орай ұйымдастырылған. Әйелдер кеңесінің төрайымы Қуатова София Хамитовна жәрмеңкеге қатысушыларды отбасы күнімен құттықтап, осындай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын тілге тиек етті. Жәрмеңкеге Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері қолдан пісірілген дәмді тоқаштар мен аспаздық өнімдерді сатып, олардан түскен қаражатты қайырымдылық қорына аударылады.

Қорытакелгенде, "Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді” демекші, әйел-әскери қызметшілер бесікті ғана емес, бір қолымен қару ұстап, ел тыныштығын күзетіп, Отанын қорғап келеді.

Қарлығаш Мұсабекқызы

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір