• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 23:08:31
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2017 Әлеумет

Ұрмашы, әке! (өмірде болған шынайы оқиға желісімен)

Бүгін Анталия-Киев бағытындағы ұшақта бір оқиғаға тап болдым. 8 жастағы бала қағаз стақандағы шәйін үстіне төгіп алды. Қатты шошып кетіп айқайға бас...

Бүгін Анталия-Киев бағытындағы ұшақта бір оқиғаға тап болдым. 8 жастағы бала қағаз стақандағы шәйін үстіне төгіп алды. Қатты шошып кетіп айқайға бас салған ол ұшақ ішіндегі барлық адамдарды аяғына тік тұрғызады. Стюардессалар жүгіріп көмекке келді,тіпті ұшақтағы ер адамдар жәрдем қолын ұсынды. Ал бала болса: "Әке, ұрмашы, ұрмашы өтінем. Ұрмашы!",-деп жүгіре жөнелді.

Соққылар жанына қатты батқан бала барлығын сезді. Қорықты. Өзінің тағы да соққыға жығылатынын сезді. Оның даусы мұңға толы еді. Тіпті, мен, төрт баланың анасы бұл жағдайға бейжай қарай алмай, жүрегім елжіреп жылап жібердім. Өмірімде бұдан асқан аянышты жағдайды бастан өткермеп едім. Аяғы қып-қызыл даққа толған бала стюардесса қыздың артынан еріп бара жатты, ал қасында «Мен саған ескерттім ғой, неге абайламайсың!»,-  деп дауыс көтеріп келе жатқан бұйра шашты ер адам келе жатты.

Баланы ұрудан сақтану керек. Ешқашан балаларыңызды ұрмаңыздар. Олар бір нәрсені дұрыс емес істесе де түсіністікпен қарауға тырысыңыздар. Тамақ жемей отыр ма, нашар баға алып келді ме - бәрібір бұл балаға жұдырық жұмсауға себеп емес.

Бала - бұл нағыз махаббат. Баланың сырласы, досы, қорғаушысы болуға тырысу керек. 

 

 

Аударған: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір