• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 01:24:33
Алматы
+35°

24 Шілде, 2017 NEWS

ОҚО-да пара алған екі шенеунік қолға түсті

Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында мәлімденді

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған екі шенеунік әшкереленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында мәлімденді.

"23 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Б.Құдияровтың 7 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Б.Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты қамалған жоқ", - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір