• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 09:48:40
Алматы
+12°

23 Тамыз, 2017 Әлеумет

Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы жаңалықтар

Келісімшартқа тұтынушының құқығын бұзатын немесе қысым жасайтын шарттар қосуға болмайды

Тұтынушылар құқығы көп жағдайда заңды білмегендіктен тапталып жатады. Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын заң да, арнайы ұйымдар да бар. Жақында тұтынушылар құқығы туралы заңға түзетулер енгізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тұтынушылардың Ұлттық Одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заңмен қарастырылған келесі түзетулер:

  1. Тауарды қайтару мерзімінің ұлғаюы.

Сонымен қатар, ғимараттар, құрылыстарға қатысты 3 жылдан 5 жылға дейін орындалған жұмыстың қасақана жасырын кемшіліктері анықталғанда, талап ету мерзімі ұзартылады («Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 35-бабының 6 және 7-тармақтары толықтырылды);

       30 бапқа 1-1 тармақшасы енгізілген.

  1. Келісімшартқа тұтынушының құқығын бұзатын немесе қысым жасайтын шарттар қосуға болмайды

Бұл шарттар «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1 жаңа бабында атап өтілген. Мысалы, келісімшартта орындаушы мен тапсырыс беруші арасында, қызмет көрсетілуіне байланысты тапсырыс берушінің мүлкіне, денсаулығына және өміріне зиян келтірілген жағдайда, орындаушы жауапкершіліктен босатылатын шарттар болмауы қажет. Егер осындай шарттар сонда да келісімшартта келтірілген болса, онда олар жарамсыз болып табылады.

Сондай-ақ, шартты жасаған кезде, сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушы арасында жасалған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сату туралы кез келген шарт оларды түсінуге арнайы білім талап етпеуін ескеруі қажет, анық тұжырымдалған және екі жақты түсіндіруді болдырмайтын шарттарды қамтуы тиіс;

3. Электронды саудадағы кепілдеме мерзім сұрақтары.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 17 б. 2 т.-на енгізілген өзгертулер, электронды саудада (интернет-дүкендерден сатып алу), кепілдеме мерзім не тауардың жеткіліксіздігін көрсететін мерзім, тауардың тұтынушыға берілген(жеткізілген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды(қосуды) немесе құрастыруды қажет етсе, онда сол орнату(қосу) немесе құрастыру күнінен бастап өте бастайтынын бекітеді;

4. Сатып алу фактісін растау.

Бұрын, егер тұтынушыда сатып алу фактісін растайтын құжаттары болмаған болса, онда ол куәлік ететін айғақтарға сүйене алатын еді. Енді осындай факт, сондай-ақ фото және видеофиксациямен расталуы мүмкін ("тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы 18-бап). Сондықтан, егер клиент тауар қайтарғысы келсе, бірақ фискалдық чекі болмаса, сатып алғандағы фото немесе видео растау болған жағдайда, сатушы қайтаруды немесе тауарды айырбастауға міндетті;

5. Тауардың сараптамасы.

2016 жылдың 7 мамырынан бастап  тауар сапасының қосымша тексеру (сараптама) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тексеру (сараптама) нәтижесінде, тауардың кемшіліктері тұтынушының кінәсінен пайда болғаны анықталса, онда ол сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге арналған шығындарды, сондай-ақ тауарды тасымалдауға арналған шығындарды өтеуге міндетті. Сонымен қатар, түзетулерге сәйкес тұтынушы тауардың сапасын тексеру және сараптама жүргізуде өзі немесе өз өкілі арқылы қатысуға құқылы ( "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 30 б. 2 т.);

6. Тұтынушының фото, бейне-түсірілім қолдануы.

Сонымен қатар енді сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға), Қазақстан Республикасының заң шығаруымен алдын ала қаралған кей жағдайды ескермегенде, сауда залдарында тұтынушының фото, бейне-түсірілім қолдануына қатысты құқығын шектеуге тыйым салынады ("тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 24 б.). Осыған байланысты, сатушының қауіпсіздік қызметі, сауда залдарында тұтынушыларға фото және бейне түсірілімге тыйым салуға құқылы емес.

7. Кепілдеме қызметтің мерзімінің ұлғаюы.

Енді егер шартта белгіленген кепілдік мерзімі 2 жылдан кем болса және жұмыстардың (қызметтердің) кемшіліктері кепілді мерзім өткеннен кейін табылған болса, бірақ 2 жыл шегінде, онда тұтынушы оның кемшіліктері жайлы қоюға құқылы.

Заң тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін күшейту үшін  олардың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қосымша мұндай құқық берілген:

- тиісті мемлекеттік органдарды қауіпсіздік және сапа бойынша талаптарына сәйкес  келмейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шығару және іске асыру туралы кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдауы үшін хабардар ету;

- тұтынушы мен сатушы (орындаушы, дайындаушы) арасындағы дау шешілгеннен кейін медиация процесінде тұтынушылардың мүдделерін білдіру;

- қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысу;

- тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қауіпсіздігі бойынша стандарттарды және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

- сауда, тұрмыстық және өзге де қызмет түрлері саласында тұтынушылардың құқықтарын сақтау бойынша ақпаратты тиісті мемлекеттік органдарға зерттеп, жіберу;

- тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпарат тарату, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпарат беру;

- тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу;

-, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қауіпсіздігі мен сапасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ашық және жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыруда тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қатысу;

- тұтынушыларға заңгерлік және консультациялық көмек көрсету және т. б.

"Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін мемлекеттік реттеу сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық кеңестер құрылады. Жаңа түзетулерге сәйкес олардың құзыретіне мыналар енгізілген:

- әрі қарай оны мемлекет Басшысына көрсету үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жағдайы туралы Үкіметке жыл сайын жылдық есеп жіберу;

- жылына кем дегенде екі рет тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мәселелерді қарау;

- мемлекеттік органдарға тұтынушылардың құқықтары бұзатын шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

- бір және сол мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда, белгісіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша сотқа жүгіну;

- зерттеулер жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-ағартушылық жұмыс және консультациялық көмек көрсету бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және қалыптастыруды жүзеге асыру;

- тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініш қарау;

 - тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

- тұтынушыларды, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп қатер төндіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы хабардар етуге міндетті;

- жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы оларды қарау нәтижелері және қызметі туралы ақпарат бойынша статистикалық деректерді жариялау;

- тұтынушыларды хабардар ету, консультация беру және т. б.

Тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ҚР заңнамалық актілер қатарына Заңмен түзетулер енгізілді:

  1. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды және гигиеналық нормативтерді мүлікті тәркілеу түрінде немесе онсыз, техникалық реттеу саласындағы заңнаманы бұзушылықтар қайталанған кезде тұлғалардың жауапкершілігін арттыру (ҚР ӘҚбК-нің 2 б. 425 б.);
  2. "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, атап айтқанда тұрғын үйді жіктеуде, тек қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тұрғын үйді эконом, бизнес, элит, комфорт, люкс, премиум және т. б. жіктеуді пайдаланбау. Қалыптасқаны солай, бұл құрылыс салушылар тұтынушыларды тұрғын үй құрылыстарының керемет жарқын атауларымен үміттендіреді, нәтижесінде олардың күткенін ақтамайды.
  3. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Бұдан былай бір ғана қызмет бойынша төлемде қарыз болған кезде, жылу энергиясын және электр энергиясын беруді тоқтатуға тыйым салынады;
  4. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Жаңа түзетулерге сәйкес, егер тұтынушы жетіспеушілігі бар бағалы тауар иеленсе, оған бұл туралы ақпарат ұсынылуға тиіс.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір