• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:18:56
Алматы
+7°

Еңбек министрлігі "әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекітті.

Ереже әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның тұрғылықты жері бойынша келесі құжаттармен қоса өтінішті тапсыру керек:

  • Мемлекеттік корпорация;
  • көрсетілетін қызметті беруші;
  • "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.

Мемлекеттік қызмет – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде, тегін көрсетіледі.

Өтініш беруші мүлікке билік ету, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  • нысан бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың болуы туралы мәліметтер (көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы бұйрығы);
  • қамқорлыққа алынушының немесе қамқорлыққа алынушының меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін),
  • заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
  • қамқорлыққа алынушының немесе қамқорлыққа алынушының көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
  • Екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпошта" АҚ-да қамқорлыққа алынушыға немесе қамқорлыққа алынушыға ашық шот туралы хабарлама;
  • қамқорлыққа алынушының немесе қамқорлыққа алынушының табысын растайтын құжаттар (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік және басқа да төлемдер).

Үшінші тұлғалардың өтініші сенімхат бойынша беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір