• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Шілде, 11:01:48
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

31 Тамыз, 2017 NEWS

30-шы Дүниежүзілік ІРМА Конгресі, Астана қаласында алғашқы рет өтеді

Конгресс шеңберінде 2-4 қыркүйекте жас жобалық менеджерлер үшін IPMA Дүниежүзілік жастар семинарлары өтеді

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астана қаласында өтетін жобалық басқару саласындағы мерейтойлы Дүниежүзілік ІРМА Конгресіне арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Іс-шараға 30-шы Дүниежүзілік ІРМА Конгресі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мақсат Мамашев, «Байтерек» Ұлттық Атқарушы Холдингі» АҚ Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік Департаментінің жоба жетекшісі Бауыржан Хамзин, бағдарламалық комитеттің мүшесі Чинви Мгберенің және Қазақстанның  жобаларды басқару  Қауымдастығының Сертификаттау орталығының басшысы Рахматулло Сайдуллаев қатысты.

Дүниежүзілік Конгресс аясында бірнеше панельдік сессиялар, стендтік баяндамалар, тұсаукесерлер, көрмелер мен жобалық басқару саласындағы мәртебелі халықаралық сыйлығының финалистерін марапаттау рәсімі өтеді. Конгресс бағдарламасында Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Австралия, Украина, Италия, Швейцария және Қазақстан елдерінің көшбасшы ғалымдарының негізгі баяндамалары ұсынылады. Талқылаудың негізгі тақырыптары білім, ғылым және экономиканың негізгі салаларын, озық технологиялармен мемлекеттік басқару салаларын дамытудағы алдынғы қатарлы құзыреттері болмақ.

Баспасөз конференциясы барысында 30-шы Дүниежүзілік ІРМА Конгресі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мақсат Мамашевтің айтуы бойынша, Қазақстан үшін алдағы жұмыс барысы, жобаларды басқару саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеу және оны одан әрі жүйелендіру процессін енгізу мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент және елдегі жобалық менеджментті әдістемелік ілгерілендіруге ерекше мүмкіндік береді.

30-Дүниежүзілік ІРМА Конгресі ҚР Үкіметінің «Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі» бағдарламасына енгені белгілі.

Конгрестің ұйымдастырушылары Халықаралық ІРМА жобаларын басқару Ассоциациясы, Қазақстанның  жобаларды басқару  Қауымдастығы, «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» ҚФ және Назарбаев Университеті. Жобалық басқару саласындағы ең ірі шара 2017 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өтеді. Оған 70 елден келген 500 өкіл қатысады.

Бұдан бөлек Конгресс шеңберінде 2-4 қыркүйекте жас жобалық менеджерлер үшін IPMA Дүниежүзілік жастар семинарлары өтеді. Үшкүндік шара жобалық басқару саласындағы көшбасшы жатықтырушыларды және барлық салалардың кәсіби мамандарын тарту, білім және тәжірибе алмасу, жобалық басқару дағдыларын беруге бағытталған.

1967 жылдан Венада 1-ші Дүниежүзілік Конгресстің өткізілуінен бастап, IPMA жобалық басқарудағы тұрақты дамып келе жатқан ұйым, жобалық басқарудың жеке кәсіби тәртібі ретінде қалыптасуына қолдау көрсететін көшбасшы қауымдастық.

Мерейтойлы Дүниежүзілік Конгрессті Қазақстанда өткізу құқығы 2015 жылғы қыркүйекте Панамада өткен 29-шы Дүниежүзілік Конгрессте берілді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір