• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 09:31:53
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2018 NEWS

Туристік жолдамамен шетелде жүрген азаматтарымызды толық сақтандыру қажет

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сақтандыру қызметі бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сақтандыру қызметі бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар шетелге шығатын кездегі туристі сақтандыру мәселесіне назар аударды. Халық қалаулыларының пікірінше, шетелге шыққанда туристер өз проблемаларымен өздері ғана қалмауы керек.

–Біздің көптеген азаматтарымыз қазіргі уақытта өз демалыстарын туристік жолдама бойынша шетелде өткізеді. Әрине, ол жақта жүрген кезде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ауырып қалады немесе басқа жағдайлар орын алуы мүмкін. Бірақ та, ең бастысы - туристік жолдама бойынша шетелде жүрген азаматтарымызды осы кезеңде толықтай сақтандыру қажет. Сондықтан, осы мәселені екінші оқылымға дейін қарауымыз қажет, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қолданыстағы заң негізінен туристің емес, туроператор мен турагенттің мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған болатын.

Ендігі жерде, осы заң жобасына сәйкес, қазақстандық туристерді қорғау мақсатында туристік фирмалар шетелге шығатын туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру көзделетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір