• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

09 Қазан, 2018 Әлемде

Жемқорлық туралы сюжет жасаған журналист өлі күйінде табылды

Қазір аталған қылмыс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жемқорлық туралы сюжет жасап, ашық түрде ақпарат таратқан болгариялық журналист өлі күйінде табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Виктория Маринова атты тележүргізушінің мәйіті жартылай жалаңаш күйінде саябақтан табылған. Оның денесінде тұншықтырудың нәтижесінде қалған қолдың іздері мен түрлі дене жарақаттары бар. Сонымен бірге басынан қатты соққы алған. Сараптама қорытындысының нәтижесіне сүйенсек, 30 жастағы тележүргізушісі зорлықтың құрбаны болыпты. 

Ал Болгарияның премьер-министрі қылмыс болған жерде түрлі іздер барын, ал қылмыскерді қолға түсіру уақыт еншісіндегі дүние екенін айтты.

Қазір аталған қылмыс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Халықаралық ұйым Болгария билігінен қылмыскерді тез арада табуды талап етті. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір